ТЕҢГЕ ІЛУДЕН АЗИЯ КУБОГЫНА 3 ЖАМБЫЛДЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

ТЕҢГЕ ІЛУДЕН АЗИЯ КУБОГЫНА 3 ЖАМБЫЛДЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ
ашық дереккөз
ТЕҢГЕ ІЛУДЕН АЗИЯ КУБОГЫНА 3 ЖАМБЫЛДЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ
Сәуір айының 5-6 күндері Шымкент қаласында өтетін теңге ілуден Азия Кубогына 3 жамбылдық спортшы бақ сынайды. Бұл туралы «Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрдәулет Момынов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты. Сондай-ақ Шымкент қаласында 14-18 сәуір аралығында жамбы атудан Азия чемпионатына ұлттық құрама команданың сапында 1 спортшы ел намысын қорғайтын болады. Айта кетейік, аталмыш кәсіпқой клуб 2023 жылы ресми жарыстарда 27 медальға қол жеткізген. Атап айтқанда, оның 8-і алтын, 6-ы күміс, 13-і қола. фото ortalyq.kz сайтынан алынды

Ұқсас жаңалықтар