Жақсының аты өлмейді

Жақсының аты өлмейді
ашық дереккөз
Жақсының аты өлмейді
Жамбыл журналистикасында өз қолтаңбасын қалдырған бірегей тұлғаның бірі – Баттал Жаңабайұлы. Осы мақсатта – Меркі аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ардагер журналист, қоғам қайраткері, Баттал Жаңабайұлының 95 жылдығына арнап «Қарымды қаламгер» тақырыбында ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Айнұр Ергеш саналы ғұмырын қазақ журналистикасының дамуына арнаған ардагер журналистің өмірбаянымен таныстырып өтті. Бұдан соң №17 И.Трубицын атындағы мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушылары оқырмандарды қаламгердің «Сөз құдіреті» және «Жақсылардың шуағы» кітаптарынан үзінділер оқып, ой бөлісті. Сондай-ақ, аталған мектеп-гимназиясының оқушылары Жарас Бабалы, Санжар Құдайберген мен Кәусәр Байырбек патриоттық тақырыптағы әуенді композицияны орындап, көрермен ықыласына бөленді. Баттал Жаңабайұлының жүз жылдан астам ғұмырнамасы бар облыстық «Aq jol» газетінің тарихында алар орыны ерекше. Қоғамның тыныс-тіршілігін шежірелеген өңірдің бас басылымына басшылық еткен жылдары редактор Мұса Рахманбердиев, Болат Мәуленов, Доқтырхан Тұрлыбек және Мұрат Сыздық секілді университетті жаңадан бітірген жас журналистерді жұмысқа қабылдап, олардың талантты қаламгер, танымал журналист болып қалыптасуына себепкер болды. Халқымыз «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді. Демек, өңір руханиятының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер журналистің есімі ешқашан ұмытылмақ емес.  

Тұрсынай КЕРІМҚҰЛОВА,

Меркі аудандық балалар және жасөспірімдер кітапханасының әдіскері.

Ұқсас жаңалықтар