Таразда жаңа аялдамалар орнатылады

Таразда жаңа аялдамалар орнатылады
ашық дереккөз
Таразда жаңа аялдамалар орнатылады
Биыл Тараз қаласында 81 мекенжайда 75 аялдаманы тұрғындар игілігіне беру жоспарлануда, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Jambylinfo.kz сайтына сілтеме жасап. Қала әкімдігі медиа орталығының мәліметінше,  2023 жылы шаһарда 36 дана аялдама орнатылған.
"Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде оның жиырма бір данасын «RusStroy» ЖШС, он бесін «Строительная компания NSN» ЖШС-і жүзеге асырды. Сонымен қатар, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан бұрын қолданыста болған 6 аялдама қайта жанғыртылды",- делінген хабарламада.
Алайда мемлекеттік сатып алу сайтында біз ТҮКШ бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбеков пен серіктестік директоры Әлия Құрбантаева қол қойған "NSN "құрылыс компаниясы" ЖШС-нің орындалған жұмыстары мен шығындарының құны туралы анықтама таптық. «Төлеу» бағанында 7 254 729 теңге сомасы көрсетілген. Бірақ, №050240003228/230194/00 Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымшада басқа сома көрсетілген. "Тараз қаласындағы автобус аялдамасының құрылысы" бойынша 1-аялдама бойынша  28 612 932 теңге сомасы тұр. Дегенменде, бұл жағдай қала әкімі Бақытжан Орынбековтың әр кездесуінде айтылатын басты мәселе.
"Бүгінде Тараз қаласында қоғамдық көліктердің саны артып, қосымша бағыттар ашылуда. Бұл өз кезегінде аялдамаларға деген қажеттілікті туындатып отыр. Жазда көлеңке, қыста ықтасын болатын аялдамалар тұрғындардың жайлы тұрмысы үшін де маңызды",- деп мәлімдеді медиа орталық.

Ұқсас жаңалықтар