АУДАН АҚЫНЫН АРДАҚТАДЫ
Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ақпарат саласының үздігі Айтмұханбет Исақовты қабылдап, құрмет көрсетті. Бұл туралы «AQ JOL» газетінің тілшісі Есет Досалы фейсбук парақшасына бөлісті.
– Ақынның кеудесіне «Жамбыл ауданына сіңірген еңбегі үшін» деген төсбелгі өз қолымен тақты. Еңбегіңіз сіңді деп медаль тағып тұрма, демек әкімнің ақынға үлкен құрметі осы, – деп жазды ол. Сондай-ақ, жиында айтыс ақындары мен жыршы термешілердің Халықаралық одағы облыстық филиалы төрағасы Ахметжан Өзбеков сөз сөйлеп , Айтмұханбек Исақовтың айтысқа сіңірген ерен еңбегіне кеңінен тоқталған.
Ал Есет Досалы өз жазбасының соңында аудан әкімінің Айтмұханбет Исақовтың 9 ақпан күні аудан орталығы Асада өтетін шығармашылық кештің шығынын көтеретінін де хабарлаған екен.
Ұқсас жаңалықтар
Балаева жаңа әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды
- Бүгін, 12:13
Аймақтағы ауқымды агрофорум
- 21 наурыз, 2024
Хабарландыру
Жапон құбылысының сегіз қағидасы
- Бүгін, 10:28
Қазақстандықтардың зейнетақы шотына алғашқы жарналар түсті
- 15 мамыр, 2024
Таразда электромобильдерді қуаттайтын бекеттер орнатылуда
- 14 мамыр, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді