Сұхбат төңірегінде ой бөлісті

Сұхбат төңірегінде ой бөлісті
ашық дереккөз
Сұхбат төңірегінде ой бөлісті
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде кадр және тәрбие жұмысы басқармасының тәрбие жұмысы тобы ұйымдастырған іс-шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатымен танысуға арналды. Жиында департамент бастығының орынбасары – кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы Азат Абдразақов пен заң тобының бас маманы Мырзағали Дүйсенбеков хабарлама жасап, азаматтық қорғау полковнигі Азат Абдразақов гарнизонның жеке құрамы Мемлекет басшысы таңдаған елдің даму бағытын қолдайтынын атап өтті. «Мен басшы ретінде жастарға және жеке құрамға патриоттық тәрбие беруге көп көңіл бөлемін. Отансүйгіштікке баулу тәсілдерінің бірі – Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы, Рейхстагтың басты кіреберісінің баспалдағына алғаш рет Қызыл ту орнатқан Ұлы Отан соғысына қатысушы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы сияқты мерейтойлық даталарды атап өту маңызды деп санаймын. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерін дамытуды ұлттық патриотизмді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі деп санаймын», – деді Азат Бердебекұлы. Басқосуда заң тобының бас маманы Мырзағали Дүйсенбеков елімізде жастарды қолдауға ерекше мән берілетінін атап өтті. Мысалы, балаларға арналған жинақтау шоттарының бағдарламасы іске қосылды. Шарттар бойынша Ұлттық қордың қаражатынан жыл сайын қаржыландырылатын шот құрылады. Бала 18 жасқа толған соң жинақтауды тұрғын үйге немесе білімге жұмсауына болады. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты төңірегінде департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник Арман Тоқановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте де ой бөлісті.  

Жүрсінгүл Жақып

Ұқсас жаңалықтар