ТЖД хабарлайды

ТЖД хабарлайды
ашық дереккөз
ТЖД хабарлайды

Су тасқыны кезеңіне дайындық баст алды

9 қаңтарда өткен су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралған Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов аталған маңызды шараға дайындықтың алдын ала басталғанын атап өтті. Бүгінгі күні су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы аясында 126 іс-шара орындалған. Атап айтқанда, жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары, нөсер кәріздері мен қорғаныс бөгеттерін жөндеу және салу, су өткізу құбырларын жөндеу және ауыстыру және тағы басқалар. Бірқатар өңірлерде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, еліміздің көптеген өңірлерінде жауын-шашын мөлшері нормадан көп топырақтың терең қату ықтималдығына күтілуде. Осыған байланысты ТЖ министрі оңтүстік және солтүстік өңірлерді жоғары әзірлік режиміне көшуге шақырды. Су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында 39 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың техника, 500-ден астам жүзу құралы және 3 мыңнан астам мотопомпа санында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштер мен құралдардың арнайы топтары құрылды.

Апта ішінде 38 шақыртуға шықты

Облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары 2024 жылдың алғашқы аптасында 38 шақыртуға шықты. атап айтқанда, от жауынгерлері шөпхана мен моншалардың, сондай-ақ тұрғын үйдің шатыры және автокөліктердегі өрт оқиғалары орын алған орындарға жедел жетті. Бұдан басқа қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғаларына 8 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына – 5, электр сымдарының қысқа тұйықталуы бойынша – 1, полиция қызметіне көмек көрсету мақсатында – 2, тұрғындарға құлыптанып қалған үйлерінің есіктерін ашу жұмыстарына 8 рет шыққан. Қазіргі уақытта өрт сөндіруші-құтқарушылар облыстағы тұрғын үйлерді аралап, жылыту маусымында тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақыруда.

Газ талдауыш қондырғысын орнату маңызды

Талас ауданының азаматтық қорғау қызметкерлері аудан әкімдігінің және аудандық «қазТрансГаз аймақ» шаруашылығының мамандарымен бірлесіп, жылыту маусымы кезінде улы газдан улану оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізуде. Қаратау қаласы мен ауылдық округтердегі 385 әлеуметтік осал топтағы отбасыға, яғни көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты қарт адамдар, ардагерлердің үйлеріне улы газ және газ талдауыш қондырғылары (датчиктер) орнатылып, қауіпсіздікті сақтау мақсатында кеңінен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Аудандық бюджеттен 2 миллион теңге қаражат бөлініп, улы газдан уланудың алдын алуға арналған 400 дана газ талдауыш қондырғылары алынды.

Профилактикалық жұмыстар жалғасуда

Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Шалғай қарасу алқабында рейдтік іс-шаралар өткізді. айта кетерлік жай, қаладағы өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторында орын алуда. ал, олардағы өрттің туындауы тұрғындардың немқұрайлығының салдарынан болып жататыны жасырын емес. Мәселен, дайындалатын тамақты қараусыз немесе бақылаусыз қалдыру, төсекте темекі шегу, қоқыс жинағышта, тұрғын үйлердің аумағында күл-қоқыстың жануы, міне, өрттің орын алуының бірден-бір себебі осылар. Жүргізілген рейдтің мақсаты – тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға аудару болды. Мәселен, жақын адамдардың өмірін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды қорғау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет. Атап айтқанда, электр сымдарының жарамдылығын қадағалап, жарамсыз болған электр сымдарын уақытында ауыстыру керек. Тек зауытта дайындалған сақтандырғыштарды пайдаланған жөн. Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Сөндірілмеген темекіні қоқыс жинағыш контейнерлерге тастамау керек және белгіленбеген жерлерде от жағуға болмайды. Өрт шыққан жағдайда «101», «112» шұғыл қызметтердің телефондарына дереу хабарлау қажет.

Аяздың әсерінен көлікте өрт туындауы мүмкін

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты автокөлікте өрттің туындау қаупі артады. жүргізушілер көліктерін жылытқан кезде әрдайым қауіпсіз құралдарды пайдалана бермейді. автокөліктердің электр жабдықтарының жағдайына ерекше назар аудару керек. ал, қосымша жабдықты тек білікті мамандарға орнатқызған жөн. Былтыр елімізде көлік құралдарында 2014 өрт тіркелген. Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу, газ жабдығын орнату, отын және электр жүйесінің ақауы, қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту болып табылады. Көлікте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері барлық жерде профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Бұл «Газбаллон» профилактикалық іс-шарасы, автожолдар мен паркингтердегі рейдтік іс-шаралар, жиындар, дөңгелек үстелдер және басқалар.  ТЖМ көлікте өрттің алдын алу үшін азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Суық мезгілде қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін пайдаланбаңыздар және машинада электр жабдықтарын өз бетінше жөндемеңіздер. Көліктің сымдары мен жанармай жүйелерін мүмкіндігінше жиі тексеріңіздер, автокөлікті өз бетінше жөндеу және пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін сақтаңыздар. Егер жолда бықсыған иіс сезілсе, дереу тоқтап, оттықты, мүмкін болса, аккумуляторды да өшіру қажет. Сақтық – саулық кепілі екенін әсте естен шығармаған жөн!  

Жүрсінгүл Жақып

Ұқсас жаңалықтар