ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды
ашық дереккөз
ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды
Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері облыстық «Қан орталығына» арнайы барып, донорлық қанды қажет ететін адамдар үшін қан тапсырды. Айта кетейік, құқық қорғау қызметкерлері жылдар бойы ерікті түрде донорлық қан тапсыруды әдетке айналдырған. Өз кезегінде тәртіп сақшыларының шын жанашырлығына дән риза дәрігерлер қан тапсырушылардың қатарында ҚАЖ қызметкерлерінің болғанына қуанышты екендерін жасырмады. Жалпы, жеке құрам қызметкерлері тұрақты түрде медициналық тексеруден өтіп, спортпен жүйелі айналысады.

Ұқсас жаңалықтар