Татулықты ту еткен халықпыз

Татулықты ту еткен халықпыз
ашық дереккөз
Татулықты ту еткен халықпыз

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!

СІЗДЕРДІ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Қазақстанның Тәуелсіздік күні – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн. Азаттықты аялау, оны бағалай білу мен тәуелсіздіктің тұғырын биіктету – бүгінгі және өскелең ұрпақтың басты міндеті. Татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Осы жылдар ішінде еліміз бағындырған биік белестер мен асқан асуларында, қол жеткізген жетістіктерінде қарапайым еңбек адамдарының адал қызметімен айшықталған қолтаңбалары бар. Сіздер еңбек адамы ретінде қай салада болсын ел игілігіне қызмет етіп келесіздер. Қоғамдағы барлық игілік адамның қажыр-қайратымен жүзеге асырылады. Ұлы даламызда көк Байрағы желбіреген, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын! Егеменді еліміз гүлдене көркейіп, нығая берсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ел мәртебесі биік болсын!  

Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ,

«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар