Алаяқтардың айласы көп

Алаяқтардың айласы көп
ашық дереккөз
Алаяқтардың айласы көп
Биылдан бастап Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа, оның ішінде 2023-2025 жылдарға арналған телефон және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағдарламасы іске асырылып жатқаны белгілі. Киберқылмыстың алдын алу мақсатында әр тоқсан сайын өңір- өңірлерде «Абайлаңыз, алаяқтар!», «Antifraud» және тағы басқа жедел- профилактикалық іс- шаралар өткізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде құқық қорғау органдары мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқаратын құрылым екенін атап өтіп, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыспен күресу аса маңызды міндет екенін жеткізді. Бұл ретте ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіруге баса мән беріліп, полиция қызметінің сервистік моделі енгізіліп жатқанын да атап өтті. Мемлекет басшысы жиын барысында қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – алаяқтық әрекеттерге де арнайы тоқталды. – Қазір көптеген азаматтарымыз алаяқтардың айласына түсіп, алданып қалып жатыр. Сондықтан құқық қорғау органдары алаяқтарға қарсы табанды күрес жүргізуге тиіс. Оларға ешқандай жеңілдік жасалмауы керек. Себебі, алаяқтардың жасаған әрекетінен халық зардап шегуде. Мысалы, жақында бір туристік компания заңға бағынатын бір топ азаматты алдап, оларды қажылыққа жіберген. Енді кінәсіз адамдар Сауд Арабиясының полиция учаске сінде қамауда отыруға мәжбүр. Осындай алаяқ компанияның заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына, олардың моральдық жағдайына және жалпы еліміздің беделіне үлкен нұқс ан келтіріп отыр. Бұл жерде, әрине, адамдардың құқықтық сауатсыздығы да бар. Енді мемлекетіміз яғни, Сыртқы істер министрлігі оларға барынша көмектесуі қажет. Ал, Ішкі істер министрлігі алаяқ компанияның басшылығын, қызметкерлерін заңға сәйкес жауапқа тартуға тиіс. Әділетті қоғам құрамыз десек, дәл осындай өзекті мәселелерді шешуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, бірер ай бұрын Президент мысал еткен атышулы туристік компанияға қатысты сот процесіне нүкте қойылған еді. Шілде айында басталған сот отырысының қорытындысында Алматы мен Шымкент қалаларының тұрғындарын Мекке мен Мединаға апарамыз деп алдап соққан «Кausar Trаvel» туристік фирмасының директоры 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья Айнель Орақбаеваның айтуынша, ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Атап өтерлігі, осынау туристік фирманың директоры жүздеген қазақстандықты алдады деген күдікке ілінген еді. Қажылардың әрқайсысы қасиетті жерлерге бару үшін кем дегенде мың доллар төлепті. Олардың кейбіреулері Қазақстаннан ұшып кете алмаса, ал кейбіреулері шетелде баспана, ақша, тамақсыз қалған. Ал, оған қатысты сот отырысында 300-ге жуық адам куә болған. Десе де, зардап шеккендер одан да көп болуы әбден мүмкін. Естеріңізде болса, жыл басында отандық баспасөз беттерінде Рудный қаласындағы ірі кәсіпорынның 34 қызметкері интернет алаяқтарынан зардап шеккені жөнінде ақпарат пайда болған еді. Онда кеншілер қаласындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің жұмысшылары алаяқтардың арбауына түсіп, белгісіз шоттарға қомақты қаржы аударғаны жазылған. Қарапайым жұмысшылар өз ақшаларынан айырылып қана қоймай, алаяқтардың өз атына несие ресімдеуіне «мүмкіндік» жасаған. Осыдан соң, қостанайлық тәртіп сақшылар арнайы көшпелі жиындар өткізіп, шешім жолдарын іздестіруді қолға алды. Басқосуларда полицейлер жаңа технологияның көмегімен ақша аударымдарын бұғаттап келетіні де сөз болды. Нәтижесінде, Қостанай облысында интернет алаяқтық қылмысы 30 пайызға төмендепті. Әйтсе де, әккі алаяқтарды құрықтау әркез мүмкін болмайтыны тағы белгілі. Рудный қаласының прокуроры Акбар Әбділдиннің айтуынша, өткен жылы интернет-алаяқтарынан келген залал 400 миллион теңгеден асқан. Ал, Рудный қалалық полиция басқармасының бастығы Болат Иманов қылмыстарды ашу және алаяқтарды ұстау үшін жедел шара лар қабылданып, тиісті жұмыстар жандандырылып жатқанын айтты. Жалпы, ғаламтордың «тілін» жетік меңгерген интернет алаяқтары ең алдымен әрбір адам жөнінде ақпарат жинайтыны айдан анық. Уақыт өте құқықтық жағынан сауатсыз тұрғындарға телефон соғып, құйтырқы әрекеттерімен өздерінің қақпанына түсіреді. Ал, біздің елде ақпараттық қауіпсіздікке «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамы жауапты. Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевқа дәл осы мекеменің қызметімен танысу барысында Қазақст ан Ре спубликасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Бұл күні Президентке ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының, телекоммуникация желілерін басқару орталығының сондай-ақ, компьютерлік инциденттерге қарсы ұлттық әрекет ету қызметі мен зиянды кодты зерттеу орталығының жұмыс процесі мен нәтижелері таныстырылды. Бұдан бөлек, биыл 9 ай ішінде мемлекеттік органдардың ресурстары мен еліміздің аса маңызды нысандарына жасалған 163,4 миллион кибершабуылға тойтарыс берілгені жөнінде баяндалды. Өз сөзінде Қасым- Жомарт Тоқаев еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты қызметін қамтамасыз ететін және осы саладағы қауіпсіздікке төнген кез келген қатерге төтеп беретін механизмдерді дамыту маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы аталған қызметтерді жетілдіру мәселелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жүктелген «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына интернет а лаяқтықтың қатысы бар ма дерсіз?! Әрине, бұл мекемеге арам ниеттілердің қолымен жүзеге асатын қылмыстардың орын алуының тікелей байланысы жоқ. Әйтсе де, қажетті ақпаратты иемденіп, мол мәліметке кенелген қаскөйлер жеке адамның, тіпті тұтастай мекеменің атынан микрокредит қаржы ұйымдарынан немесе екінші деңгейлі банктерден оп-оңай несие ресімдемеуіне ешкім кепілдік бере қоймас. Иә, күн өткен сайын сіз бен біз адамнан қулық артылмайтындығына куә болып келеміз. Бірер жыл бұрын кез келген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (ИИН) арқылы несие алатын алаяқтар шыққанын естігенде бәріміз таңғалып едік. Ал, қазір олар да заман талабына сай дамып, ендігі кезекте өзіңізге қоңырау шалып, банктегі қаражатты оп-оңай ғана шешіп алуға әрекеттеніп жүр. Бұл мәселеде кейбір «сәтті» шыққан «операциялары» да жоқ емес. Ендеше, оңай олжаны мақсат еткендердің схемаларын тізіп көрелік. Интернет алаяқтары Olx, Market, Kolesa сынды алу-сату желілерінде және басқа да түрлі жолдармен өздерінің құйтырқы әрекеттерін іске асыруға күш салуда. Рас, желілер әртүрлі, бірақ схема бір. Мәселен, сізге кезекті сатып алушы болып хабарласып, тауардың жағдайын сұрап, басқа қаладан екендігін және сізге курьер жіберіп қойғанын алға тартып, келісімшартқа өзіңіздің мәліметтеріңізді толтыруыңызды өтініп сілтемені жібереді. Ал, сіз еш күдіктенбестен сұраған мәліметтің барлығын толтыра саласыз. Осылайша, алаяқтардың өз мүдделерін іске асыруға сіз де байқамай атсалысып кетесіз. Бірақ, әр мәселеге сыни көзбен қарайтын әрбір азамат бұл арбауға бірден түсе қоймас. Бүгінгінің алаяқтарына алданған адамның бірі – тараздық Майра есімді азаматша. Айтуынша, оған орыстілді бөгде әйел қоңырау шалып, Алматыдан хабарласып тұрғанын және оның атынан несиеге өтініш беріліп жатқанын жеткізген. О баста мұндай мәліметке аса сене қоймаған ол өзін банктің бас маманымын деп таныстырған ер адаммен сөйлескен сәтте қақпанға қалай түскенін сезбей қалған. – Ол кісі өзін С ергей деп таныстырып, өздерінің Алматыдағы бас кеңседен хабарласып отырғанын айтты. Сонан соң, мән-жайды түсіндермек кейіп танытып, WhatsАpp мессенджері арқылы қайта хабарласты. Мені алаяқтардан қорғайтынын, олардың барлық банк жүйелеріне қолжетімділігін үзетінін, сонымен қоса менің есепшоттарыма қауіпсіздік қызметін жүргізгелі отырғанын түсіндірді. Осыдан соң, «ForteBank» атынан хабарлама жіберді. Маған 4 жыл бойы келіп жүрген хабарлама қайта келді. Яғни, ол банкте өзімнің төлеп жүрген несием болатын. «Күмәнданбауыңыз үшін «ForteBank» ресми сайтынан хабарлама жіберем, ол жерде құпия код болады, осылайша менің алаяқ емес екендігіме көз жеткізе аласыз», – деп сендірді. Артынша маған «мы не можем одобрить вам кредит», деген тағы бір хабарлама келді. Мұны ол кісі алаяқтарды әшкерелеу барысында болып жатқан жайт екенін айтып, одан соң олардың айтқандарын жас ап отырс ам әккілерді әшкерелейтінімізді жеткізді. Осылайша, шүбә келтірмей айтқандарын жасап, кодтарды айтып отырдым. Кейіннен, «Халық банкінен» бас-аяғы 1 миллион 315 846 теңге, «Еуразия» банкінен 2 миллион теңге онлайн форматта рәсімдеді. Ал, банктерге барып, тағы көз жеткізбек ниетте сұрағанымда банк менеджерлері алданғанымды айтты. Бұдан кейін, барлық органдарға арызданып, арпалысқа түскен жайым бар, – дейді ол. Шын мәнінде, мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады-ақ. Мәселен, жамбылдық тәртіп сақшылары желіде қолма-қол ақша шешіп беруге уәде еткен бірнеше алаяқтық дерегіне қатысты күдікті ер адамды ұстағаны белгілі. Өңірлік полиция департаментіне бағынысты «Киберпол» арнайы бөлінісінің және Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет алаяқтық саласында бірнеше қылмыс жасады деген күдік бойынша жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғынын анықтаған. Құрыққа түскен ер адамнан құқыққа қайшы заңсыз әрекеттерді жүзеге асырған екі ұялы телефон тәркіленді. Интернет алаяқтықты тұрақты табыс көзіне айналдырған күдікті «Жаңатас – Сауда» Тelegram тобы арқылы азаматтарға пайызсыз бөліп төлеуге 8 пайыздық ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға уәде берген. Тиісінше, алаяқтың арбауына түскен жәбірленушілер қашықтан төленген шоттар бойынша QR-коды арқылы онлайн төлем жіберген. Осыдан кейін алаяқ реквизиттерді пайдаланып, жеке кәсіпкердің әртүрлі шоттарынан ақша алған. Жалпы, ұсталған азамат интернеттегі алаяқтықтың 5 дерегі бойынша күдікке ілінді. Ал, келтірілген залал көлемі 4,5 миллион теңгені құрайды. Ерекше тоқталарлық жайт, бұған дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері түрлі деңгейдегі мекемеге барғанда азаматтарға ұры- қары мен әлімжеттіктің құрбаны болмас үшін бағыт-бағдар беретін. Ал, қазір бұл тізімге интернет алаяқтарының құрығына түспеу жөніндегі тиісті кеңесті қосуға болады. Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, интернет қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін қауіпсіздік шараларына мұқият болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, сақтансаң, сақтайды!  

Ғайникен РАЙЫМБЕКОВА.

Ұқсас жаңалықтар