Газ құбыры қалпына келтірілді

Газ құбыры қалпына келтірілді
ашық дереккөз
Газ құбыры қалпына келтірілді
12 желтоқсан күні кешкі сағат 21.00-дер шамасында Жамбыл ауданы Қызылқайнар, Гродеково, Полатқосшы ауылдық округтеріне баратын магистралды 325-тік газ құбыры істен шыққан болатын. Соның салдарынан бес елді мекендегі 980 үй газдан ажыратылған. Осыған орай, кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданы Гродеково ауылына барып, газ құбырының қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Арнайы штаб құрылып, жедел қалпына келтіру шаралары қолға алынды.

 width=

Оқиға орнында болған облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек түнде басталған қалпына келтіру шаралары аяқталып, қайта газ беру жұмыстары жүріп жатқандығын жеткізді. Ауылдағы 8 әлеуметтік нысан баламалы отын – жанар-жағармаймен жылытылды. Облыс әкімі жауаптыларға барлық жұмыстар сапалы орындалып, жағдай қатаң бақылауда ұстау керектігін, тұрғындар арасында жан-жақты түсіндіру шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

 width=

Сондай-ақ, аймақ басшысы ауылдағы мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулаторияға атбасын бұрып, нысандардың жылыту жүйелерінің қызметін тексерді. Бірқатар тұрғын үйлерге кіріп, тұрғындардың жағдайымен танысты. Ал, кешқұрым Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жөндеу жұмыстары аяқталып, аталған елді мекендердің барлығына газ келгенін хабарлады. Сондай-ақ, бұл күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз-Жуалы бағытындағы автожолдың Күйік асуына барып, ондағы жағдаймен танысты. Аймақ басшысы асудың ауыр жүк көліктері жүретін ескі бағытын қардан тазалау жұмыстарын көріп, кептелісте қалған, жолдан шығып кеткен көлік жүргізушілеріне дер кезінде көмек көрсету бойынша полиция және төтенше жағдайлар департаменті мен Жуалы ауданы басшылығына нақты міндеттер жүктеді.  

«Aq jol»-Aqparat.

 

Ұқсас жаңалықтар