Стандартты үлгідегі спорт кешені

Стандартты үлгідегі спорт кешені
ашық дереккөз
Стандартты үлгідегі спорт кешені
Республика күні қарсаңында Айша бибі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылуына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, ауылдықтарды қуанышымен құттықтады. – Бұқаралық спортты дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Елімізде бұл бағытта барлық жағдай жасалуда. Өңірімізде де спорт саласының дамуына айрықша көңіл бөлінуде. Бүгінгі жаңа нысан – соның бір көрінісі. Бұл спорт кешені ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етіп, болашақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлердің шығатынына сенімім мол. Спорттың бірнеше түрімен айналысуға мүмкіндік беретін кешен стандартты үлгіде жабдықталған. Қазіргі таңда облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың қатары 489 мыңнан астам адамға немесе облыс тұрғындарының 40 пайызына жетті. Заманауи спорт кешендері бар шалғай ауылдардың да қатары артып келеді, – деген облыс әкімі салада атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға да тоқталып өтті. Өз сөзінде ауыл ақсақалы Жарқын Қалыбаев тұрғындар атынан ризашылығын жеткізді. Айта кетейік, облыста жыл сайын жаңадан спорт кешендері бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Өткен жылы елді мекендерде 4 спорт нысаны мен 62 спорт алаңшасы қолданысқа берілсе, биыл 23 спорт нысаны мен 38 спорт алаңшасының құрылысы жүруде. Биыл 16 нысанның ашылуы жоспарланған. Ал, Жамбыл ауданы бойынша 174 спорттық нысан болса, соның жалғасы ретінде ашылған жаңа нысан ойын, жаттығу, бокс, күрес залдарымен қамтылған. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 337 миллион 809 мың теңге қаржы қарастырылып, бас мердігер «Бақыт таңы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Спорттық сауықтыру кешенінде 150-ден аса ауыл тұрғыны спорттың 10-ға жуық түрімен айналысатын болады.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар