Жасыл алаңда бақ сынасты

Жасыл алаңда бақ сынасты
ашық дереккөз
Жасыл алаңда бақ сынасты
25 қазан – Республика күніне орай жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері бұқаралық спорттан бақ сынасты. Дәлірек айтқанда, тәртіп сақшылары кіші футболдан өзара кім мықтыны анықтады. Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелері мен пробация бөлімдерінің жеке құрам қызметкерлері және сала ардагерлері жасыл алаңда кездесті. Тартысты өткен ойынның нәтижесінде №58 мекемесінің командасы жеңіс тұғырынан көріне білді. Ал, жүлделі ІІ орынды №25 мекемесінің құрамасы иеленсе №59 мекеменің намысын қорғаушы команда үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, №58 мекемесінің қызметкері, әділет аға лейтенанты Абзал Жампозов «Үздік қорғаушы» номинациясын иемденді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, грамота және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ұқсас жаңалықтар