Жолдың жайын жүрген білер

Жолдың жайын жүрген білер
ашық дереккөз
Жолдың жайын жүрген білер

Сырттан келген кісі ауданның хал-жағдайын алдымен жолдың жайына қарап топшылайдыдейміз. Рас-ау. Өйткені өз өңірінің тау-тасын, кем-кетігін жақсы білетін жұртшылықтан гөрі, жолдың шұрық тесік жерлері бөтен көзге анық көрінеді. Анда-санда бір келгенде діттеген жеріне көлігі қиналып жетіп жатса, өңірдің даму деңгейіне оң баға бермейтіні айтпаса да түсінікті.

Қаламызда жыл сайын көшелерге асфальт төселіп, тротуарлар жаңартылып жатады. Қысы-жазы жол жөндеушілер бір тынбайды, әйтеуір.

«Жол активтері ұлттық сапа ұлттық орталығы» кәсіпорынның өңірлік филиалы сапа және есеп бөлімінің инженері Тойшыбай Әлиахметовтің сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері жолшылар қыруар жұмыс атқарған.

Есепті кезеңде 211 нысанға 431 рет іссапар жасадық. Бұл күндері жол-құрылысыматериалдарынан 1253 дана үлгі алынып, сынақтанөткізілді. Нәтижесінде 123 дана материалдың тиістіталаптарға сәйкес келмейтіні анықталып отыр. Барлық анықталған ақаулар бойынша тапсырысберуші мен мердігер ұйымына хат жолданды. Түптеп келгенде, мердігер ұйымдары жұмыстыңсапасына көп көңіл бөліп, асфальт-бетон жабынынорнату технологиясын қатаң сақтау қажет. «Жолжаман болса, атаң да сүрінеді, атан да сүрінеді» деген тәмсіл бар. Ал, бүгінде ел ішіндегі тасжолдардың сапасы мәз емес. Осынау мәселегеПрезидентіміз де Жолдауында айрықша тоқталды. Ендігі кезекте оларға бақылау күшеймек. Бұлқара жолдың сапасын арттыру мақсатындақабылданған орынды шешім екені анық, – дедіТ.Әлиахметов.

Айта кету керек, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері осы жылдың 9 айында 309 нысанға 559 рет іссапарға шыққан. Нәтижесінде, жол-құрылыс материалдарының 1736 данасынан үлгі алынып, оның 266-сы нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықталған. Бүгінгі таңда барлық анықталған кемшіліктер бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарына бас-аяғы 121 хатжолданған. Жолшылар мұндағы негізгі мәселе асфальт-бетон жамылғысын нашар нығыздауына байланысты болып отырғанын айтады.

«Жыл басынан біздің ескертулеріміз бен материал жарамсыздығы бойынша қайта құру жұмыстары 67575 мың теңгені құрады. Оныңішінде, республикалық жолдарда 12398, жергілікті жолдарда 55177 мың теңге. Айтакететін жайт, 266 дананың басым бөлігі сынақтантығыздау коэффиценті өтпеген. Бұл жерде мердігерұйымының жұмыстаң «үнемдеуі» көрініп тұр. Бірсөзбен айтқанда, кейбір мердігерлер асфальтбетонжамылғысын нашар тығыздаған. Шынтуайтында, мердігер компаниялар жұмыстың сапасына көпкөңіл бөліп, асфальтбетон жабынын орнатутехнологиясын қатаң сақтауы қажет, - дейдіТ.Аляхметов.

Жалпы жол мәселесі қашанда күн тәртібінентүскен емес. Қанша жөнделіп жатқанымен, сапасысын көтермей ме, әйтеуір көпшіліктің көңілі тола қоймайды. Оған қатысты тұрғындардың шағымынегізінде басылымда да жыл сайын кемі 3-4 проблемалық мақала жазылып жатады. Мақалажазылуын жазылады ғой, бірақ тиісті мекмелержолдың жайына бей-жай қарамаса игі еді...

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар