"Primary Health Care" ұлттық қауымдастығының президенті, ДДҰ профессоры және сарапшысы Төлебай Рахыпбековпен кездесу

"Primary Health Care" ұлттық қауымдастығының президенті, ДДҰ профессоры және сарапшысы Төлебай Рахыпбековпен кездесу
ашық дереккөз
"Primary Health Care" ұлттық қауымдастығының президенті, ДДҰ профессоры және сарапшысы Төлебай Рахыпбековпен кездесу
"Primary Health Care" ұлттық қауымдастығының президенті, ДДҰ профессоры және сарапшысы Төлебай Рахыпбековпен кездесіп, өңірдегі орташа өмір сүру жас ұзақтығын және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселесін талқыладық. Кездесуде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, жарақаттану мен жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітімді азайту, орташа өмір сүру жас ұзақтығын арттыру бойынша әлемдік тәжірибелер сараланды. Айта кету керек, ағымдағы жылдың сегіз айында Жамбыл облысында ЖКО салдарынан 130 адам қаза тауып, 931 адам жарақат алған. Жазатайым оқиғалардың салдарынан балалар өлімі 8 жағдайды құраса (2022 жыл - 4 жағдай), ерлердің орташа өмір сүру жасы әйелдерден қарағанда 8 жасқа төмен. Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласында алға қойған міндеттері аясында облыстағы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында осы саладағы үздік әлемдік тәжірибені зерделеу және енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. … Как повысить среднюю продолжительность жизни в регионе и качество медицинских услуг обсудили на встрече с президентом национальной ассоциации «Primary Health Care», профессором и экспертом ВОЗ Толебаем Рахыпбековым.  Обсудили актуальные проблемы в сфере здравоохранения, мировые практики как повысить качество оказываемых медицинских услуг, снизить травматизм и смертность от несчастных случаев, повысить среднюю продолжительность жизни.  В частности, за восемь месяцев 2023 года в Жамбылской области в результате ДТП погибли 130 человек, 931 человек получили ранения.  Детская смертность в результате несчастных случаев составила 8 случаев (2022 год – 4 случая), средняя продолжительность жизни мужчин на 8 лет меньше  женской.  Планирую в рамках задач, поставленных Главой государства в сфере здравоохранения, продолжить работу по изучению и внедрению лучшего мирового опыта для повышения доступности и качества медицинских услуг в области.

Ұқсас жаңалықтар