Құрметке бөленген Күмісбек

Құрметке бөленген Күмісбек
ашық дереккөз
Құрметке бөленген Күмісбек
Сыр елінде дүниеге келген Күмісбек Рахимов атақ пен абыройға еңбек арқылы қол жеткізген майталман маман. Бүгінде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы лауазымын атқаратын оны ата-анасы қаршадайынан еңбекқор етіп тәрбиеледі. Осылайша, Күмісбек еңбектің байрақты туын биікке көтеріп көшке ілесті. 1982 жылы туған өлкесі Қазалы ауданындағы Жамбыл Жабаев атындағы №234 орта мектепті сәтті тәмамдаған соң, Қызылорда қаласындағы медициналық училищенің фельдшерлік бөліміне оқуға түседі. Бұл білім ордасын 1986 жылы үздік бағамен аяқтайды. Айта кетейік, кейіпкеріміз студенттік жылдарында-ақ еркін күреспен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанды. Ол КСРО-ның спорт шебері және еркін күрестен екі дүркін Қазақстан Респубикасының жеңімпазы. 1986-1988 жылдары Қеңес Одағы әскері қатарында Чита қаласында әскери борышын өтеген ол екі жылдай туған ауданында жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып жұмыс атқарады. Ал, 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитарлық-гигиеналық факультетіне оқуға түсіп, 1996 жылы дәрігер гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдайды. Төрт жылдан соң, Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының жұқпалы аурулар кафедрасына жұмысқа қабылданып, қайта мамандану курсынан өтеді. Осылайша, дәрігер-инфекционист мамандығын алады. Күмісбек Рахимұлы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының жұқпалы аурулар кафедрасында ассистент болып жұмыс істеп жүріп, қосымша студенттік ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі қызметін де қатар алып жүрді. Уақыт өте оның қызметтік мансабында даңғыл жол ашылды. Мәселен, 2000-2003 жылдар аралығында Петропавл қаласында «Дәрі-дәрмек» мекемесінде коммерциялық директоры болса, кейінірек Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасының бас маманы болып қызмет етті. 2005-2008 жылдар аралығында Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мекемесінде карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінде бас маман, 2008-2018 жылдар аралығында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Ал, 2018-2019 жылдар аралығында Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. Күмісбек Рахимов 1998 жылы алғаш рет қазақ тілінде жарық көрген «Зооантропоноздық жұқпалы аурулар» кітабының бірлескен авторы. Бұдан бөлек, 7 ғылыми мақала жазып, 5 тәжірибелік-әдістемелік нұсқама әзірлеген.  

Есен ӨТЕУЛІ

Ұқсас жаңалықтар