
Қосбастау разъезі
Түктібай ауылының қасында, теміржолдың үстіңгі жағында Қазбастау (Қосбастау) разъезі бар. Разъездің бұлай аталуы орыс тілінің ықпалынан болған. Ол 1922 жылы 111-ші разъезд болып қаланған. Оның қасында суы мол, арасы бір жарым метр болатын екі бастау қатар тұр. Оны сол жердің адамдары Қосбастау деп атайды. Ертеректе Түктібай бабаға әкесі еншісін бөліп берерде ол: «Әке, еншімді әзір алмай қоя тұрайын. Бірінші өзіме лайықты жер іздейін», – деп үйінен шығып кетсе керек. Шаршап келе жатып сонадайдан көрінген қос бәйтеректі көреді. Тынығып алайын деп қасына келсе, көздің жасындай мөлдіреп, сылдырап қос бұлақ ағып жатыр екен. Түктібай баба бұлақтан дәм татады. Шөлі қанып, бұлақ суына тамсанып, торсығына су толтырып алып, кейін қайтады. Торсықтағы бұлақ суын қатын- баласына беріп, әкесіне келеді. Сөйтіп әкесінен Қосбастаудың айналасын сұрайды. Түктібай ұрпағын осында қоныстандырады. Олар 60 жылдарға дейін осы маңдағы сай-салада қонып, ел болып отырған.
Қазір мұнда он бір үй бар. Табиғи газ тартылған.
Түктібай өңірі суы мол, шұрайлы қоныс саналады. Көнекөз қариялардың сөзіне қарағанда, кезінде осы маңдағы сай-салалар мен жүлгелерде қырыққа жуық бұлақ бастау алған екен. Кешегі Кеңес дәуірінде шаруашылық дүрілдеп тұрғанда Қосбастаудың сырты бетон плитамен шегенделіп, суы құбыр арқылы мал фермасына жеткізілген. Ауыл мен ондағы мекемелер, бақшалықпен шаруашылықтар осы бастаудың суын пайдаланады.
Марат ҚҰЛИБАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Жағдайың қалай, Ұлттық Су университеті?
- 17 сәуір, 2025
Ағаштарды «ауруынан» жазған жас ғалым
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді