Медициналық сақтандырудың мүмкіндігі мол
Ауыл тұрғындары үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қолжетімділігін арттыру маңызды. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындаған тапсырмаларды іске асыру шеңберінде Қордай аудандық орталық ауруханасы халықтың денсаулығын жақсартуға үлестерін қосып отыр. Жалпы, аудандық орталық халыққа қажетті ақпаратты берумен қатар, ем-дом шараларын талапқа сай атқаруда. Бүгінде ауыл тұрғындарының жақсы медициналық көмек алуына басымдық берілген. Ауыл тұрғындары бірінші кезекте өзінің тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің көмегіне жүгінеді. Онда дәрігерлік амбулатория немесе медициналық пункттер жұмыс істейді. Егер шағымдары болса кез келген сырқат учаскелік дәрігерге қаралып ем-домын ала алады. Науқастың жағдайын бағалай отырып, дәрігер оған ем тағайындайды немесе аудандық ауруханаға бейінді дәрігердің кеңесіне жібереді. Төтенше жағдайда тұрғын ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізіледі.
Қазіргі таңда медициналық қызмет түрлері цифрландырылған. Соған сәйкес, кез келген сырқат дәрігерге баруы үшін тіркелуі қажет. Мұны аудандық аурухананың тіркеліміне қоңырау шалу арқылы немесе оның медициналық ұйымына енгізілген медициналық ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады. Егде жастағы адамдарға бұл мәселеде ауылдық медбике көмектесе алады.
Қабылдауға жазылғаннан кейін пациент егер сақтандырылған болса, одан әрі диагностикадан өтеді. Оның қорытындысы бойынша емдеу, оның ішінде жедел емдеу тағайындалады. Бұл жағдайда қажетті зерттеулер кешені жүргізіледі. Дәрігер науқасты ауруханаға жатқызу бюросы арқылы рәсімдейді, операция жасалатын күн белгіленеді. Сондай-ақ, азаматтың өзі МӘМС бойынша қажетті қызметтер көрсететін және қордың дерекқорында тұратын клиниканы таңдай алады. Бұл ретте оған шарттың жоқтығына сілтеме жасай отырып, жолдамадан бас тартуға құқығы жоқ, өйткені шарт жазбаша жолдама және кейін көрсетілген қызмет негізінде автоматты түрде қалыптастырылады.
Аудандардың орталық ауруханалары мен емханалары әдетте ультрадыбыстық және рентгендік жабдықтармен толық жабдықталған, толыққанды зертханалар жұмыс істейді. КТ және МРТ аппараттарына келетін болсақ, олар қалалық клиникаларда бар, сондықтан ауыл тұрғындары осындай тексерулерге қалаға жіберіледі. Сол сияқты МӘМС бойынша диагностикалауға жақын күнге жолдама қалыптастырылады.
Дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерде зертханалар жұмыс істейді, онда жүкті әйелдер қажетті талдауларды тапсыра алады. Жалпы, олар жергілікті акушердің бақылауында, егер олай болмаса, онда жүкті әйелдер ай сайын жоспарлы түрде аудандық ауруханаға барады және оны жергілікті медицина қызметкерімен келісе отырып, қажетті тексерулерден өтеді. Егер шұғыл медициналық көмек қажет болса, онда әйел жедел жәрдем шақырады, қажет болған жағдайда оны аудандық ауруханаға жеткізеді.
Стоматологиялық қызметтерге келер болсақ, жоспарлы түрде МӘМС шеңберінде 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер стоматологиялық қызметтерді ала алады. Шұғыл стоматологиялық қызметтер халықтың 10 санаты үшін қолжетімді. Олар 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар, жасы бойынша зейнеткерлер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар пациенттер, мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтіндер, I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыссыздар. Бұл азаматтардың барлығы сақтандырылуы тиіс, өйткені стоматологиялық қызметтер МӘМС тізбесіне кіреді.
Егер науқасқа пациентке медициналық оңа лту қажет болс а, онда курсты реабилитолог немесе көпсалалы топ тағайындайды.
Аудандық ауруханаларда күндізгі стационар деңгейінде оңалтудың үшінші кезеңі өткізіледі. Оған емдік дене шынықтыру, физиотерапия, массаж кіреді. Алайда, науқастың қалауы бойынша басқа қалада қалпына келтіру емінен өтуге болады. Бірақ, таңдалған оңалту орталығының мүмкіндіктері мен кестесін алдын ала нақтылау маңызды. Өздеріңіз білетіндей, оңалту қызметтері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру е себінен көрсетіледі.
Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға оң әсер етеді. Операциядан кейін әркім жүздеген мың теңгеге оңалтудан өте алмайды, сонымен қатар көптеген адамдар жыл сайын бірнеше оңалту курстарынан өтуі керек.
Ауыл тұрғындары үшін жылжымалы медициналық кешен де қойылған. Оның көмегімен скринингтер, профилактикалық тексерулер, басқа да тексерулер, сондай- ақ сол жерде қажетті көмек көрсетіледі. Осылайша халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында ауданда жоспарлы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Зәуреш ҚАДЫРБЕКОВА,
аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді