Мереке де, береке де болады

Мереке де, береке де болады
ашық дереккөз
Мереке де, береке де болады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында бірнеше маңызды даталар атап өтілетін алдағы жылдың ерекшелігіне тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының аясындағы іс-шаралар және Қазақстан Республикасы Конституциясының бүкіл халық тарапынан қабылдануының 20 жылдығы аталып өтіледі. Сонымен қатар, ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің маңызды датасы – Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын да тойлайтын боламыз. Сондай-ақ, Қазақстан ТМД елдерімен және бүкіл әлеммен бірге Ұлы Отан соғысындағы фашизмді жеңген жеңістің 70 жылдығын мерекелейді. – Біз үшін соғысқа қатысқан буынның ерлігі туралы естелік әрқашан қасиетті. Біз – әрдайым өз өткеніне алғыс сезімімен және кешіріммен қарайтын халықпыз. Тарихи өткен шақты біз қашанда тұтас күйінде және оң көзқараспен қабылдауымыз керек. Ол барлық қазақстандықтарды бөлуге емес, біріктіруге тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихы тұтасу мен бірігуге негізделгенін айрықша атап өтті. Ел болып атап өтетін осы айтулы даталардың бірі – Қазақ хандығының 550 жылдық тойы Жамбыл облысында өтетін болып шешілуі өңір экономикасы мен индустриясы, мәдениеті мен туризмі үшін үлкен серпіліс болмақ. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында келіп жеткен ақжолтай жаңалық баянды болсын, ағайын!

Ұқсас жаңалықтар