Көпшілікке қуаныш сыйлаған сайыс

Көпшілікке қуаныш сыйлаған сайыс
ашық дереккөз
Көпшілікке қуаныш сыйлаған сайыс
«Amanat» партиясының қолдауымен Астана күні мерекесі қарсаңында №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында шахмат және дойбыдан жарыс ұйымдастырылды. Оған аталған орталықта арнаулы әлеуметтік қызмет алып жатқан облыс тұрғындары қатысты. Орталықтың ұйымдастыруымен өткен жарысты партия Тараз қалалық филиалының сектор жетекшісі Мейірім Таңатарова ашып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Жасы 80-нен асқан, саламатты өмір салтын ұстанып жүрген қарттарымыз, жастардан қалыспай шаршы тақтада өздерін жаңа қырынан танытты. Тартысты өткен жарыста дойбы сайысы бойынша Үсен Даиров, ал шахмат сайысында Рашид Дамаев үздік ойын көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Жарыстың ең жас қатысушысы 27 жастағы Ақбота Еркінбекова дойбыдан жүлделі екінші орынды иеленсе, 87 жастағы қатысушысы В. Топоровқа ынталандыру сыйлығы табыс етілді. Жарыс соңында жүлделі орын иелері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Гүлмира АЗИХАНОВА,

№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының бас мейірбикесі.

Ұқсас жаңалықтар