Билік пен бұқараның байланысы берік

Билік пен бұқараның байланысы берік
ашық дереккөз
Билік пен бұқараның байланысы берік
«Amanat» партиясының қоғамдық қабылдау қызметі тұрғындардан түскен өтініш пен арыз-шағымдарды назардан тыс қалдырған емес. Бүгінде партияның барлық филиалында қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жолға қойылып, ол билік пен бұқара арасындағы алтын көпір алаңына айналған. Осы жылдың І жартыжылдығында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде көп жұмыс атқарылып, тұрғындар тарапынан түскен көптеген өтініш өз шешімін тапты. Жалпы, партияның облыстық филиалында қазіргі таңда 12 қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Оларға жыл басынан бері 1118 өтініш түсіп, оның 602-сі немесе 54 пайызы оң шешілуіне тікелей ықпал етіліп, 512-сі немесе 45,7 пайызы бойынша түсініктемелер берілген. Партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі Үмітбала Ибраимованың айтуынша, есепті кезеңде 409 қоғамдық қабылдау өткізіліп, онда 913 азаматтың мәселесі қаралған. Оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары тарапынан 3 жеке қоғамдық қабылдау өтіп, олар 28 азаматтың ұсыныс-тілегін тыңдаған. Сондай-ақ, мәслихаттағы партия фракциясы депутаттары да 169 қабылдау өткізіп, 404 тұрғынның мәселесін тыңдап, 237 азаматтың мәселесінің оң шешілуіне атсалысқан. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы орган басшылары, партия филиалдарының төрағалары, заңгерлер мен адвокаттар, нотариус пен медиаторлар өңір халқының мәселесін заң аясында қарады. – Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде ай сайын жергілікті атқарушы орган басшыларын қатыстыра отырып, «Ашық есік күні» тақырыптық қабылдаулары да ұйымдастырылуда. Қабылдау барысында 97 өтініш түсіп, оның 42 пайызы оң шешімін тапты. Сондай-ақ, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында тоқсанына бір рет қабылдау өткізіліп, қабылдау нәтижесі бойынша 65 азаматтың мәселесі оңынан шешілді. Халықпен кері байланыс орнату және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында еліміздің шалғай елді мекендерінде көшпелі қоғамдық қабылдаулар да өткізілуде, – дейді Үмітбала Серікқызы. Бұдан өзге, партия Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдарының ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы орган басшыларының қатысуымен мобильді қоғамдық қабылдау тобы биыл 26 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін барлығы 6 ауылдық округте қабылдаулар өткізіп, 23 елді мекеннің тұрғындарын қамтыған. Қабылдау кезінде 281 адам қабылданып, ауыл тұрғындарынан барлығы 95 өтініш түскен. Бүгінгі күні олардың 38 пайызы оң шешімін тапқан. – Мобильді қоғамдық қабылдаулар барысында 3 елді мекеннің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі шешілсе, 12 елді мекен тұрғындарының денсаулық сақтау мәселелеріне партия тікелей атсалысты. Сонымен қатар, 5 елді мекеннің білім саласына қатысты мәселелері оң шешімін тауып, 2 тұрғынға Қазақстан Республикасының азаматтығы алып берілді және 12 азамат жұмысқа орналастырылды. Отбасы жағдайы төмен азаматтарға материалдық көмектер көрсетіліп, бірқатар елді мекен тұрғындарының құжаттары реттелді, – дейді қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ү.Ибраимова. Айта кетейік, партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері бұдан әрі де халықтың өтінішін, талап- тілегін тыңдап, шешілуіне ықпал ету жолында аянбай еңбек ете бермек.  

Диас МАРАТҰЛЫ,

журналист.

Ұқсас жаңалықтар