Тұрғындарға нақты нәтиже керек

Тұрғындарға нақты нәтиже керек
ашық дереккөз
Тұрғындарға нақты нәтиже керек
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірлік геоақпараттық жүйесінің іске асырылуы мен азаматтардың арыз-шағымын қарау туралы мәселелер қаралды. Жиынның ашылуында аймақ басшысы алдымен осы жылдың жарты жылында қалыптасып отырған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Кеңестің күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нохрабеков баяндама жасады. Оның айтуынша, өңірлік геоақпараттық жүйесінің дайындығы 100 пайызды құрайды. – Жергілікті атқарушы органдардың геопорталдарына қойылатын бірыңғай талаптарға сай барлық базалық ГИС-қабаттар енгізілді. Яғни, тұрғындар үшін геопорталдың ашық картасына 160 және қызмет бабында пайдалану үшін геопорталдың электрондық кезекші картасына 367 картографиялық деректер әзірленді. Сәулет және қала құрылысы саласына қатысты – 6, жер қатынастары саласы бойынша – 7, жалпы 13 мемлекеттік қызмет автоматтандырылып, енгізілді, – деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, цифрлық технологиялар басқармасы тарапынан өткен жылы геопорталға деректерді енгізу және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік мекемелердің жауапты қызметкелеріне оқыту жүргізіліп, тізімі бекітілген. Ауылдық округтерде және Тараз қаласында орналасқан цифрлық ақпараттық орталықтарына геопортал енгізу бойынша орталық қызметкерлеріне оқыту семинары ұйымдастырылыған. Облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижесін сұрап, кейбір кемшіліктерді сынға алды. – Бұл мәселені бұған дейін де бірнеше рет қараған болатынбыз. Есеп бергенде, баяндағанда бәрі жақсы, керемет дейсіздер. Бірақ, геопартал әлі өз жұмысын бастаған жоқ. Ол қашан толығымен іске қосылады? Халық қашан оның игілігін, тиімділігін көре бастайды? Тұрғындарға біздің ережеміз, жұмыс барысындағы үдерістер емес, нақты нәтиже керек, – деген Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға бұл тұрғыдағы жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. Басқарма басшысы шілде айынан бастап жер учаскелерін автоматты түрде беру электрондық үкімет порталы және бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры ақпараттық жүйесі интеграциялану негізінде атқарылып, өңірлік геоақпараттық жүйелердің де бизнес процесі жүргізілетіндігін жеткізді. Өз кезегінде сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмас Тулеубаев, жер қатынастары басқармасының басшысы Бахтияр Көпбосынов та есеп берді. Облыс әкімі өңірлік геоақпараттық жүйесін картографиялық деректермен толықтыру, жер учаскелерін электрондық түрде беруге көшу, ол үшін инженерлік желілерді цифрландырудың маңыздылығын баса айтты. Басқосу барысында орындаушылық тәртіп бойынша облыс әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы Болатжан Ақтанбердінің, жеке азаматтардың арыз- шағымы бойынша облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхамед Ниязбековтің талдау-есептері тыңдалды. Орындалмаған тапсырмалар бойынша әр басқарма басшысынан жеке-жеке жауаптар алған аймақ басшысы жұмысқа жаңаша көзқарас қажеттігін тағы бір еске салды. Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов берілген тапсырмалардың сапалы орындалуын, азаматтарды жеке қабылдай отырып, олардың мәселелерін нәтижелі шешу бойынша жұмыстар жүргізу мен әрбір азаматтың өтініші ескерусіз қалмау қажеттігін ескертті.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

   

Ұқсас жаңалықтар