Жамбылдық Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан барысы – 2023» атанды

Жамбылдық Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан барысы – 2023» атанды
ашық дереккөз
Жамбылдық Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан барысы – 2023» атанды
2021 жылғы турнирдің күміс жүлдегері финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповты қоян-қолтық белдесуде жеңіп, алғаш рет «Қазақстан барысы» турнирінде топ жарды. Жамбыл облысының өкілі биылғы жарысқа Әскер Барысы ретінде қатысты. Ғалымжан ауыспалы алтын тайтұяқ және алтын белбеумен бірге 25 млн теңгені еншіледі. Крикбай Ғалымжан Шайахметұлы 1997 жылы 7 қарашасында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында дүние келген. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшысы. Дзюдодан Қазақстан Республикасының «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері». Спорттық жетістіктері: Дзюдодан ХХХ жазғы Универсиадада ойындарының жеңімпазы (Неополь, 2019 жыл), ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері (2020, 2021, 2022 ж.), ересектер арасында Grand Slam Tokyo және Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінің қола жүлдегері (2023 жыл) Қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы (2022 жыл), «Қазақстан Барысы-2021» турнирінің күміс белбеу жүлдегері (2021 жыл), «Қазақстан Барысы-2021» турнирінің қола белбеу жүлдегері (2022 жыл), «Қазақстан Барысы-2021» турнирінің жеңімпазы (2023 жыл); Дзюдодан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі.

Ұқсас жаңалықтар