«Тарлан» спорт кешені мемлекет меншігіне берілді

«Тарлан» спорт кешені мемлекет меншігіне берілді
ашық дереккөз
«Тарлан» спорт кешені мемлекет меншігіне берілді
Қазақстандық бокс федерациясы 2016 жылы Шу ауданында бой көтерген «Тарлан» спорт кешенінің №37 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне өтуіне мұрындық болды. Салтанатты шарада Қазақстандық бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков нысанның символикалық кілтін облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбековке ресми түрде тапсырды. Шарада аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков әкімдік тарапынан Қазақстандық бокс федерациясының басшылығына алғыс білдірді. Атап өтерлігі, спорт кешенінде бұған дейін еңбек етіп келген жаттықтырушылар мен спортшылар әрі қарай да өз жұмысын жалғастыратын болады. Спорттық сауықтыру блогы мен жатақханадан тұратын екі қабатты нысанда аудан жастары спорттың дзюдо, таеквондо, бокс және күрес түрлері бойынша тегін жаттыға алады. Сонымен қатар, кешеннің ауласындағы жасанды жабындысы бар футбол алаңшасы мен гимнастикалық алаңдардың да есігі аудан тұрғындары үшін әрдайым ашық болмақ.  

Қанат КҮЗБЕРГЕНОВ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.

Шу ауданы

Ұқсас жаңалықтар