Ауданда жаңа инвестклимат қалыптасуда

Ауданда жаңа инвестклимат қалыптасуда
ашық дереккөз
Ауданда жаңа инвестклимат қалыптасуда
Инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы айрықша. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде ауданда инвестклимат жақсарып келеді. Жалпы, өңірде бірыңғай индустрияландыру картасындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша құрылған жоспарлар талапқа сай жүзеге асырылуда. Бұл жобалар ауданның даму жоспарының негізгі бағыттарына айналып отыр. Мұндағы мақсат – әрбір округтегі елді мекен бөлінісінде жұмыспен қамтуды көздейтін бюджеттік және бюджеттен тыс бірыңғай индустрияландыру картасындағы өнеркәсіптік-инновациялық, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра отырып, аудан халқының табысын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту. Жоба негізінен халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешуді көздейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіпкерлік саланы барынша дамытуға басымдық беріп отыр. Яғни, шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен бизнес саласын көтеру бүгінгі күні алдымызда тұрған үлкен міндеттің бірі. Шынын айту керек, қазір инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызды орынға ие екені белгілі. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде ауданда инвестклимат жақсарып, калыптасып келеді. Атап айтсақ, ауданның жалпы өнімі өткен жылы 83 миллиард 938,2 миллион теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,5 пайызға артық орындалған болатын. Ал, өнеркәсіп саласында өндірілген өнім 14 миллиард 695,1 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,2 пайызға жетті. Бұл көрсеткіштер аудандағы өндіріс ошақтары «АQMOL 2025», «СМТС» және «LF company» ЖШС өндіретін өнім есебінен ұлғайып отырғанын атап өткім келеді. Биылғы төрт айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 102,1 пайызға жетіп отыр. Президент Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға да басымдық берілген. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 55 миллиард 904,8 миллион теңгені құрады. Оның 31 миллиард 634,3 миллион теңгесі егін, 24 миллиард 268,4 миллион теңгесі мал шаруашылығына тиесілі. Алдыңғы жылмен салыстырғанда жоспар 18,7 пайызға артық орындалған болатын. Қазір ол 100,6 пайызды құрады. Егістік алқабы өткен жылмен салыстырғанда 2,3 мың гектарға ұлғайған. Мал басында да өсім бар. Атап айтсақ, жылқы басы 14 пайызға жоғарылап, қымыз өндірісі екі есеге артқан. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9 миллиард 395,5 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 114,9 пайызды құрады. Оның ішінде меншікті қаражат есебінен салынған инвестиция көлемі 2 миллиард 772,5 миллион теңге. Жеке инвесторлар есебінен, атап айтсақ, «Еламан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көксай каналын қазуға, «АянКо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі су электр стансасына құрал-жабықтар сатып алуға айтарлықтай инвестиция тартып отыр. Бүгінгі таңда аудандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің артуына осы кәсіпкерлер үлес қосуда. Бөлшек сауда айналымы 3 миллиард 792 миллион теңгені құрады. Ал көтерме сауда айналымы 3 миллиард 826,7 миллион теңгеге жетіп отыр. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 17 мың 691 шаршы метр. Құрылыс көлемі 119,8 пайызға орындалып отыр. «Асар» жобасы аясында 11 баспана салынып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілді. Кәсіпкерлікке тиесілі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі, «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары 38,1 пайызға орындалып отыр. Соның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 106 жоба іске асты. Округтер бойынша атап өтер болсақ, Ақсайда 18, Ақтөбеде 11, Б.Момышұлы ауылында 35 жоба іске асырылды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауданда 9 жоба жүзеге асты. Жоба аясында 3 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Екі ауылда дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, пайдалануға берілді. Қайрат ауылындағы мәдениет нысанының құрылысына 203 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Б.Момышұлы ауылындағы спорт-сауықтыру кешені құрылысы жүргізілуде. Жолдардың орта жөндеуіне 64 миллион теңге бөлініп, Ақбастау ауылындағы Төле би, Қойгелді көшелерінің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Күреңбел ауылындағы Бейбітшілік және Қарабастау көшелерінің жөндеу жұмыстары, мердігер «MMStroyGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі битум тапшылығына байланысты жұмыстарды кеш бастаған. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп бағытында 35 инвестициялық жоба іске асырылып, 95 тұрақты, 3 уақытша жұмыс орындары құрылды. Өнеркәсіп саласы бойынша 21 жоба іске асырылып, 38 тұрақты жұмыс орны ашылды. Азық-түлік дүкені, құрылыс дүкені, Чикен, сүт өңдеу цехы, тағы басқа кәсіпкерлік нысандар ашылды. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 15 жоба жоспарланып, оның 14-і орындалды. Жетітөбе ауылдық округінде «Жамбыл Агромилк» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы сүт өндеу цехын ашты. Құрал-жабдықтарын Түркия мемлекетінен әкелді. Бүгінгі таңда 4 тонна сүт қабылдап, 1200 тоннаға жуық сүтті қайта өңдеді. Зауытқа 2 кооператив және 5 жеке кәсіпкер сүт жеткізіп беруде. Күреңбел ауылдық округінде «Асылжан 2020» ЖК сүт өңдеу цехын ашып, 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал, Ақсай ауылдық округінде «Жуалы 2020» ауыл шаруашылығы кооперативі 2 жаңбырлатып суару қондырғысын орнатқан. Сондай-ақ, бал арасын дамыту бойынша «Қайсар» 30 дана ара жанұяларын орнатып, 900 килограмм бал өндірсе, «QURALBAY» ЖК 40 дана ара жанұяларын алып 1000 килограмм бал алған, ал «Моная» ЖК 40 дана ара жанұяларынан 1200 килограмм бал жинаған. Қарасаз ауылдық округінде жеке қосалқы шаруашылықтары көкөніс өнімдерін өндіруге көктем айында парниктер орнатып, жергілікті тұрғындарды көшеттермен қамтамасыз етуде. 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ақтөбе ауылдық округінде «Жаңаталап» шаруа қожалығы мұздатқышпен жабдықталған 200 тоннаға арналған қойманы Тараз қаласындағы «Grand bazar» аумағына орнатты. Б.Момышұлы мен Нұрлыкент ауылдық округтерінде жеке қосалқы шаруашылықтары көкөніс өнімдерін өндіруге көктем айында парниктер орнатып, жергілікті тұрғындарды көшеттермен қамтамасыз етуде. Көкбастауда «Бақыт» шаруа қожалығы 0,9 гектарға құлпынай көшеттерін отырғызып, өндірілген 2 тонна өнімін Б.Момышұлы базарында өткерді. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылуда. Ақсайда «AGRO-LUCK» ауыл шаруашылығы кооперативі 70 гектар жерге құлпынай көшеттерін отырғызып, өндірілген 4,3 тонна өнім жергілікті Б.Момышұлы базарында өткерілді. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылуда. Боралдайда «Қуантай» шаруа қожалығы 30, Б.Момышұлы ауылында «Мамбетбаева» ЖК 30 бас бұқа бордақылауда. Аудан бойынша 29 бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылып, 189 адам жұмыспен қамтылды. Бұл жобалардың 6-уы білім, 2-уі денсаулық, 1-еуі спорт, 1-еуі мәдениет, 1-еуі тұрғын үй, 6-уы инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуге, 4-еуі су жүйелерін дамытуға, 4-еуі газбен жабдықтауға бөлінген. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобасы аясында өткізілген белсенді шаралар нәтижесінде 1144 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде, тұрақты 177, уақытша 967 жұмыс орындары. Президент Жолдауы мен бастамаларын басшылыққа алып, ауданның даму жоспарына сай жоспарлы жұмыстарды жүргізуге күш салудамыз.  

Асхат ЖАБАҒЫ,

аудан әкімінің орынбасары.

Жуалы ауданы

Ұқсас жаңалықтар