Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды

Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды
ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды
Бүгін, 17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды. Тоқаев туған күнін тойламайтындықтан, елде мерекелік іс-шаралар жоспарланбайды. Ол бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен барады және Сиань қаласында өтетін "Қытай-Орталық Азия" саммитіне қатысады.
"Бұл - Президенттің ұстанымы. Мемлекет басшысы 17 мамырды әдеттегідей өткізеді. Қазақстанда немесе Қытайға сапары аясында туған күнді тойлау шаралары болмайды", - деді оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген.
Әкесі - Кемел Тоқаев (1923-1986), Ұлы Отан соғысына қатысқан, белгілі жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив-шытырман оқиғалы жанрдың негізін салушы. Анасы - Тұрар Шабарбаева (1931-2000) - Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген.

 width=

1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітіріп, Қытайдағы КСРО елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өтті.

 width=

1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қызметке кірді. Сингапурдағы кеңес елшілігіне жұмысқа жіберілді. 1979 жылы КСРО СІМ аппаратына қайта оралды. 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді, кейін Қытай Халық Республикасындағы елшілік қызметке жіберіліп, 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы, кеңесші қызметтерін атқарды.

 width=

1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірген.

 width=1992 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы Қазақстанның сыртқы істер министріболып тағайындалды.

 width=

1999 жылы наурызда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары болды. 1999 жылы қазанда парламенттің келісімімен президент жарлығымен премьер-министр болып тағайындалды. 2002 жылдың қаңтарында мемлекеттік хатшы – сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары сыртқы істер министрі болды. Осы лауазымда ол ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдеріске белсенді атсалысты.

 width=

2007 жылдың қаңтарында Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.

 width=

2011 жылдың наурызында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, сондай-ақ БҰҰ бас хатшысының қарусыздану жөніндегі конференциядағы жеке өкілі болып тағайындалды.

 width=Ол, сонымен қатар, қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы қызметін атқарды. ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды.

 width=

2013 жылғы 16 қазанда парламент сенатының төрағасы болып қайта сайланды. 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының президенті ретінде ант қабылдады.

 width=

2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президенттік сайлауда 70,96 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетіп, Қазақстан президенті болып сайланды. 2019 жылғы 12 маусымда Конституцияның 42-бабына сәйкес ант қабылдап, ресми түрде сайланған президент ретінде мемлекет басшысының лауазымына кірісті.

 width=

2022 жылдың 20 қарашасында ол кезектен тыс президенттік сайлауда 81,31 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. 2022 жылғы 26 қарашада Қазақстан президентінің ұлықтау рәсімі өтті.

 width=

2021 жылдың сәуірінен - Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы. 2022 жылдың қаңтарынан - Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Төтенше және Өкілетті елші. Саяси ғылымдардың докторы.

 width=

Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының белсенді мүшесі.

 width=

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы орман өртінен зардап шеккендермен кездесуде Мюнхен қауіпсіздік конференциясының "Даналар кеңесінің" мүшесі. Шэньчжэнь университетінің және Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының құрметті профессоры.

 width=

Қазақстандық халықаралық қатынастар кеңесінің құрметті президенті. Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы.

 width=

Орыс биографиялық қоғамының мәліметі бойынша ол "Жыл адамы - 2018" лауреаттарының тізіміне енді.

 width=

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен үстел теннисін ойнап жатқан сәт 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.

 width=

Мемлекет басшысы Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барған кез. Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша 10 кітаптың авторы.

 width=

Салауатты өмір салтын қолдаушы. Көркем, саяси және мемуарлық әдебиеттерді оқығанды ұнатады.

 width=

Дереккөз: Tengrinews. kz ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар