Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?

Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?
Бұл сұраққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі жауап берді.
«Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды», деп жазды Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында.
Руслан Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді.
Айта кетсек, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Осыған байланысты Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күнінде ешқандай іс-шара өткізілмейді.
Akorda. kz

Ұқсас жаңалықтар