Жас шахматшылар чемпионмен кездесті

Жас шахматшылар чемпионмен кездесті
ашық дереккөз
Жас шахматшылар чемпионмен кездесті
Т. Рысқұлов ауданының 85 жылдығына орай Ақбұлақ орта мектебінде Халықаралық гроссмейстермен бір мезетте 35 жас шахматшымен шеберлік ойыны өтті. Іс-шарада аталған мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Жандос Шахов, Елдос Есқараев белсенділік танытты. Осылайша, Т.Рысқұлов ауданына тұңғыш рет гроссмейстер келді. Атап айтар болсақ, Мадина Даулетбаева әйелдер арасында ҚР чемпионы және әйелдер арасында шахматтан Қазақстанның чемпионы, Орталық Азия елдерінің аймақтық турнирінің жеңімпазы, 2012 жылы Стамбулда өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола жүлдегері. Сондай-ақ, македониялық «Gambit- Aseko» клубының құрамында Еуропа клубы Кубогының күміс жүлдегері атанған, 2016 жылы БАӘ Азия ұлттар кубогының қола жүлдегері.2018 жылы әйелдер арасындағы ҚР Кубогының жеңімпазы. 3 дүниежүзілік олимпиаданың, 2 командалық әлем чемпионатының және әйелдер әлем Кубогының қатысушысы. Мадина шахматшының осындай жетістіктері бар. Бұл ойынға ауданның бірнеше мектебінен шахматқа құмарлығы бар оқушылар қатысты.Жарысқа Т.Рысқұлов аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абуталипов демеушілік етті. Ал, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Сәбит Кенжеғара, Ақбұлақ орта мектебінің директоры Ляйла Қазыбекова жас шахматшыларға сәттілік тілеп, қонаққа рақметін айтты. Ал, әйгілі шахматшы Мадина Даулетбаева өзінің шеберлік сабағына қатысқан жас жеткіншектерге үлкен сенім білдірді. « Сіздердің ауданда талабы бар оқушылар бар екен. Келешекте олар үлкен жеңістерге жетеді. Мұндай іс-шаралар оқушыларға үлкен қуаныш сыйлайды» деп мектеп ұжымына табыс тілеп, жас шахматшыларға алғысын білдірді.  

Ниязбек КАЙПОВ,

Ақбұлақ орта мектебінің шахмат үйірмесінің жетекшісі.

Ұқсас жаңалықтар