Тағайындаулар

Тағайындаулар
ашық дереккөз
Тағайындаулар
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Т.Рысқұлов ауданының әкімі болып Есіркепов Ернар Серікәліұлы тағайындалды. Ернар Серікәліұлы 1981 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында туған. 2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және бақылау жұмысы бөлімінің маманы болып бастаған. Әр жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік бөлімдерінің бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, құжаттама және бақылау бөлімінің басшысы, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары-мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы-бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымында еңбек етіп келді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жуалы ауданының әкімі болып Мұртаза Жалғас Алижанұлы тағайындалды. Жалғас Алижанұлы 1988 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында туған. Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2021 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.

Ұқсас жаңалықтар