Адал еңбектің әділ бағасы

Адал еңбектің әділ бағасы
ашық дереккөз
Адал еңбектің әділ бағасы
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала үздіктеріне арналған төсбелгі, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалында өткен жиын барысында өңір басшысы мемлекеттік қызметшілерге арнайы дәріс те оқыды. Халыққа қызмет етудің маңыздылығы мен жауапкершілігін кеңінен сөз еткен Нұржан Молдиярұлы өз тәжірибесі мен өмірлік сабақтарынан мысалдар келтірді. – Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі мемлекеттік қызметшінің білімі мен біліктілігіне, нәтижелі де ұтымды еңбегіне тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой әрі үлкен жауапкершілік. Халықтың сенімін ақтау – мерейлі міндет. Ел тәуелсіздігі жылдарында мемлекеттік қызмет саласында бірқатар реформалар жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді. Бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде, – деді өз сөзінде Нұржан Нұржігітов. Осы ретте облыста еңбек етіп жатқан мемлекеттік қызметшілердің жеткен жетістіктері мен марапаттарын айта кеткен жөн. Мысалы, соңғы 10 жылда мемлекеттік қызметке адалдығы үшін жергілікті атқарушы органдардағы 87 мемлекеттік қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталса, 24 маман «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісін иеленіп, 1 қызметкер «Халық алғысы» медалімен наградталған. Кездесу соңында салада адал қызмет етіп, тер төгіп жүрген мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Олардың қатарында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Олжабай мен облыс әкімдігі білім басқармасының бөлім басшысы Күлзира Дәрібаеваға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі табысталды. Ал Байзақ ауданы, Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бауыржан Жұматаев, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының бас маманы Шынар Қашқынбек, облыс әкімдігі ветеринария басқармасының бөлім басшысы Талғат Қожабергенов, Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Дегенбай Оспанов, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Балжан Пернебекова, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлфара Сейдалиева облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ Жуалы ауданы, Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Айгүл Ахметова, облыс әкімдігі құрылыс басқармасының бөлім басшысы Нұржігіт Мұратов, Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Лаура Оспанова облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Маржан Рақай

Ұқсас жаңалықтар