Әулиеатадағы киелі жерлердің картасы дайындалды

Әулиеатадағы киелі жерлердің картасы дайындалды
ашық дереккөз
Әулиеатадағы киелі жерлердің картасы дайындалды
Әлемде қаншама тарихи жәдігерлер бар десеңізші. Осы тарихи мәдени кешендер бүгінде туристердің де қызығушылығын арттырып отыр. Мұндай тарихи кешендер біздің өңірде де көптеп саналады. Осы мақсатта Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Тарихимәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-нің директоры Қуаныш Дәурембековті әңгімеге тартып, осы бағытта атқарылған тірліктер туралы сұраған едік. – Қуаныш Кәрібайұлы, бүгінгі күні облыста 3435 тарихи-мәдени ескерткіштер бар болса, олардың 698-і – мемлекеттік, 25-і – республикалық, 5-і ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Сондай-ақ 2707 тарихи-мәдени ескерткіштер алдын ала тізімге алыныпты. Өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқтала өтсеңіз? – Өткен жылы облыс аумағында орналасқан Ұлы Отан соғысының құрбандарына орнатылған 197 ескерткішке мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 197 ескерткіштің барлығының құжаттары түгел түгенделді.Сондай-ақ 2021 жылы маусым, шілде айларында Байзақ және Талас аудандарында орналасқан, жоспары бойынша шаршылы немесе төртбұрышты келген ортағасырлық төрткүлдерге барлау және қазба жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарын ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты» Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының Талас археологиялық отряды жүргізді. Ол жұмыстарға ғылыми қызметкер, PhD доктор Ералы Ақымбек жетекшілік етті. Мекемеге қарасты Ералы Ақымбек жетекшілік етті. Мекемеге қарасты тарихи-мәдени ескерткіштердің орналасқан жерін, қазіргі жай-күйін, қаншалықты деңгейде сақталғанын анықтап, археологиялық қазба жұмысының тәсілдерін біліп, меңгеру мақсатында далалық экспедицияның жұмысына алғашқы күннен бастап біздің мекеменің ғылыми қызметкері Ілияс Шайбек қатысты. Ал қыркүйек, қазан айларында Талас ауданының орт алығы Қаратау қала сының батыс шетінде орналасқан ортағасырлық «Тамды» қалажұртын (VI-XIII ғғ.) музейлендіру мақсатында ғылымизерттеу жұмыстарына мекеме тарапынан бақылау жұмыстары жүргізілді . Сонымен қатар қазан-қараша айларында Байзақ ауданы көлемінде орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне далалық археологиялық барлау және құжаттама жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 52 тарихимәдени нысанның географиялық координаттары анықталып, есепке алу карточкалары толтырылды. – Мекеменің тарапынан Жамбыл облысы әкімінің жанынан құрылған «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі» комиссияның қорытындысы негізінде мемориалдық тақталар орнатылады. Бұл жұмыстар қалай жүргізілді? – 2021 жылы 8 мемориалдық тақта орнатылды. Тараз қаласында Д.Қонаев, Меркі ауданында Кенесары хан, Байзақ ауданында Ғ.Байтасовтың ескерткіштерін орнату бойынша ҚР Мәдениет және спорт минист рлігінің жанынан құрылған елімізде орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның келісімі алынды. Облыс орталығындағы Әулиеата кезеңіне жататын 13 тарихи-мәдени ескерткішті мемлекеттік тізімнен шығару бойынша Республикалық комиссияның көшпелі отырысы өтті. Нәтижесінде Жамбыл облысы әкімінің №311 қаулысына сәйкес тарихи құндылығы жоғалған нысандар мемлекеттік тізімнен шығарылды. – Өңірімізде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесі қандай? – Өткен жылы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен бірлесіп, 64 нысанның мемлекеттік жерге орналастыру АКТ - ы дайындалды. 2020-2021 жылдары 668 тарихи-мәдени нысанның жерге орналастыру АКТ - ы дайындалды. Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында орналасқан тарихимәдени ескерткіштерді қорғау мақсатында ескерткіштерге қорғау тақтайшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, 30 тарихимәдени нысанға қорғау тақтайша орнатылды. – Биыл да біраз жұмыстарды бастап кеткен екенсіздер? – Иә, жыл басында, яғни 17- 18 ақпан күндері Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 11-бабына сәйкес сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз ету мақсатында мекеме қызметкерлері Байзақ, Талас аудандарында орналасқан сәулет ескерткіштерінің сақталу дәрежесін анықтау, техникалық жағдайын зерделеу, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтарында заңсыз (өз бетімен) құрылысты анықтау, пайдаланушылармен (меншік иелерімен) қорғау міндеттемелерін сақталуы бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді. Ал 24 ақпанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ә.Марғұлан атындағы археология институты мен «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-сі арасында тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғалуын , сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мекеменің 2022 жылғы жылдық жо спарына сәйкес және ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» № 82 бұйрығына сәйкес облыс көлемінде орналасқан жергілікті дәрежедегі 698 тарихимәдени ескерткіштердің паспортын жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Тарихи-мәдени мұра объектілеріне тиісті мәртебе берілген тарихи және мәдениет ескерткішінің паспорты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді. ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 11- бабы негізінде жергілікті дәрежедегі мемлекеттік тізімге енгізілген және алдын ала тізімге алынған тарихи-мәдени ескерткіштерге, яғни ерте және орта ғасырларға жататын (археологиялық ) қалашықтар, қоныстар, бекіністер мен төрткүлдердің қорғалуы мен сақталуын, жай-күйі мен пайдалану деңгейін анықтау мақсатында 12 сәуірден бастап Жамбыл ауданында «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы » мемелекеттік мекемесінің қызметкерлері мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Осылайша, биыл жергілікті дәрежеде мемлекеттік тізімге алынған және алдын ала тізімде тұрған ерте және орта ғасырларға жататын археологиялық қалашықтар, қоныстар, бекіністер мен төрткүлдердің (жалпы 350 нысан) қорғалуы мен сақталуын, жай-күйі мен пайдалану деңгейін анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілуде. – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде облыс аумағында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша бірқатар шаралар жүзеге асқан болатын. Сол жұмыстардың барысы қалай жүріп отыр? – Бағдарламалық мақала жарияланған күннен бастап, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру мақсатында, ҚР Ұлттық музейі жанынан «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығын құрып, «Қазақстанның киелі жерлерінің картасын» жасау жобасын бекітті. Жұмыстар бойынша 2017 жылы ре спублика көлемінен киелі жерлердің тізімі жинақталды. Ал аталған жобаны өңірімізде жүзеге асыру бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жетекшілігімен өлкетанушы, тарихшы, археологтардан құралған жұмысшы топ жасақталып, 2017 жылдың қазан-қараша айлары аралығында облыс көлемінде «Археологиялық экспедиция» ұйымдастырды. Экспедиция барысында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы тізіміне енгізу үшін, өңірдегі ескерткіштердің ерекшелігі мен құндылығына қарай бірқатар тарихимәдени нысандар ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» орталығына жолданды. Соның негізінде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрған ұлттық сарапшылар кеңесі аймақтан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы тізіміне 8 жалпыұлттық және 27 өңірлік деңгейдегі тарихи-мәдени ескерткіштерді «Қасиетті жерлер» тізіміні енгізді.2019 жылы «Рухани жаңғыру» кіші бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша мекеме тарапынан «Әулиеатаның киелі жерлерінің картасын» дайындау жобасы жүзеге асырылды. Жобаның жаңашылдығы - қасиетті орындар туралы ақпарат алуды ыңғайлы әрі қолжетімді ету. Жоба барысында арнайы сайт жасалды. Сайттың негізгі мақсаты – цифрлы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып киелі жерлерді ғаламтор желісі арқылы тұрғындарға қол жетімді ету арқылы кез келген уақытта өңірдің киелі орындар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік тудыру.Сайтта «Әулиеатаның қасиетті орындарының» 3Д форматы және олардың мультимедиялық өнімдері дайындалып, Әулиеатаның киелі жерлеріне қатысты ақпараттық материалдар, бейнематериалдар, ескерткіштер туралы роликтер, фотосуреттері және өзге де ақпараттар сайт контенттерінде орналастырылған. Бұл арқылы облысымыздың тарихи-мәдени ескерткіштерінің танымалдылығы артады және оның қолжетімділігін қамтамасыз етеді деп сенеміз. Сонымен қатар жинақталған материалдар негізінд е «Әулиеатаның киелі орындары» карт асы мен жинақ кіт абы дайындалып, 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) баспадан шығарылды.Оқырмандар бұл кітаптан өңірімізде орналасқан қасиетті нысандарға байланысты аңыз әңгімелер, тарихи деректер мен архивтік-ғылыми құжаттамалар туралы толыққанды мәліметтер ала алады. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы негізінде «Қасиетті Қазақстан» атты 5 томдық энциклопедия жарыққа шықты. Соның 3 томы Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарына арналды. Жинаққа өңірімізде қасиетті деп танылған 82 тарихи-мәдени нысандар енгізілді. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Ерман ӘБДИЕВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 

Ұқсас жаңалықтар