Қазақстан 500 миллион адамды асырай ала ма?

Қазақстан 500 миллион адамды асырай ала ма?
ашық дереккөз
Қазақстан 500 миллион адамды асырай ала ма?
Әлеуметтік желіде «Қазақстан 500 миллион адамды асырай алады» деген жазба қызу пікірталас тудыруда. Бұл – ғылыми дәлелденген болжам ба? Әлде сәуегейлік пе? Оған қашан қол жеткіземіз? Өкінішке қарай, бұған бір ауыз сөз түсінік берілмеген. Автор мұны неге сүйеніп жазды екен? Осы сауал ұзақ уақыт бойы мазалап тыным бермей қойды. Алғашқы кезде «бәлкім, еліміздің жер көлеміне қарай осындай топшылау жасалған шығар» деген ой келді. Дүниежүзінде жер көлемі бойынша жетінші орын алатын Үндістанда 1,3 миллиардтан астам адам өмір сүріп жатыр. Аумағы 30 мың шаршы шақырым Бельгия мемлекетінде – 11 миллион, ал жері Қазақстанның бір облысымен ғана шамалас Швейцарияның 8 миллионнан астам тұрғыны бар. Бұл елдер өздерін азық-түлік және тұрмыстық тауарлармен қамтамасыз етумен қатар оларды экспортқа да шығаруда. Рас, республикамыздың жері кең-байтақ, көлемі 2 , 7 м и л л и о н ш а р ш ы шақырымды алып жатыр. Алайда ол осынау ұшса – қыран қанаты талатын, шапса – тұлпар тұяғы тозатын аумақтың 27 пайызын Қызылқұм, Қарақұм, Мойынқұм, Нарынқұм және Бөкейқұм сияқты шөлдер, 22 пайызын полигон алып жатқанын ескерді ме екен? Кеңес империясы 7,5 мың полигон орналастырған қазақтың бұрынғы шұрайлы жерлеріне енді бірнеше жүздеген жылдар бойы егін өсіруге және мал бағуға болмайды. Сондай-ақ ел аумағының 10 пайызын таулар а л ы п ж а т ы р . Бүгінде елімізде 40 миллион гектар егістік, 180 миллион г е к т а р жайылымдық бар.Қазақстан – далалы, шөлейтті өлке. Суармалы жеріміз небәрі 1,4 миллион гектар ғана. Үздіксіз пайдаланғандықтан әрі агро- техникалық шаралар қатаң сақталмағандықтан жеріміздің құнары 30 пайызға азайып, 60 пайызы деградацияға, яғни азып-тозуға ұшыраған. Соның салдарынан солтүстік өңірлерде еккен дәнді дақылдардың әр гектарынан орта есеппен 10-12, ал оңтүстікте 15-20 центнерден артық өнім алынбай келеді. Ал Франция сияқты м е м л е к е т т е р д е астықтың орт аша ө н і м д і л і г і 7 0 - 8 0 центнерден кем еме с. Е л і м і з д е егістікті игеру көрсеткіші де көңіл тоғайтпайды.Мәселен, 2020 жылы 22,5 миллион гектар ғана алқапта ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілген. Демек, еліміздегі егістіктің жартысына жуығы игерілмей жатыр. Өткен жылы егілген масақты дақылдардан жалпы 20 миллион тонна дән жиналған.Жалпы, еліміз жыл сайын экспортқа 7-8 миллион тонна астық шығарады. Оны негізінен Ре с ей, Өзбекст ан, Қ ы т а й , Ге рма н и я , Т ү р к и я , Б е л а ру с ь және Румыния сияқты қырыққа жуық мемлекетке экспорттайды.Өткен жылы Қазақстан бидай мен ұн экспорты есебінен әлемнің 45 миллионнан астам тұрғынын тамақтандырған. Біздің өніміміз табиғи тазалығымен, сапасымен де ерекшеленеді. «Алтын – күміс тас екен, арпа – бидай ас екен» демекші, астық маңызы мен құнын еш уақытта жоғалтпайды. Өткен жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемде астыққа сұраныс артқанын, оның бағасы қымбаттайтынын хабарлады.Бұрын дүниежүзінде 40-қа жуық мемлекет азық-түлік тапшылығын бастан кешіріп отырса, індет кезінде олардың қатары өсіп жатқаны бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен алаңдаушылықпен айтылуда. Еліміз аграрлық саладағы қазіргідей мимырт тірлікпен таяудағы 10-20 жылда 500 миллион тұрмақ 100 миллион адамды асырай алмайды. Себебі бізде өсімдіктің жаны – су тапшы. Республика аумағына ағын судың жартысына жуығы трансшекаралық өзендер арқылы келеді. Бізде дәнді дақылдар негізінен тәлімдік жерде өсіріледі. Азын- аулақ су көкөніс өсіруден артылмайды. Климаттың өзгеріп, таудағы мұздықтардың азаюына байланысты өзендер бұрынғыдай кемерінен асып-тасып ақпайтын болды. Қаншама жасалған келісімшарттарға қарамастан трансшекаралық өзендердің бастауында тұрған мемлекеттер аз суды әуелі өз қажеттеріне жаратары сөзсіз. Біз сол кезде қайтпекпіз? Ауыл шаруашылығы – ауа райына тәуелді сала. Жаңбыр көп жауған жылдары астыққа қарық болып қаламыз. Оның шашауын шығармай сақтап, біраз бөлігін келесі жылы өткерсе, шаруа тарықпас еді. Өкінішке қарай, қазір қайда да болса астық сақтайтын қоймалардың ілуде біреуі қалған. Бұрынғы осындай нысандар қазір басқа мақсатқа пайдаланылуда. Арпа мен бидайдың бағасы жыл сайын өсіп келеді.Бүгінде бір тонна бидай бағасы – 100 мың теңге болды. Арпаның құны да осыған жетеқабыл. Масақты дақылдардың өнімділігін арттыру үшін не істеуіміз керек? Біздің диқандарымыздың оны өсіруде тәжірибесі мол. Алайда жауапкершілік жетіспейді, ізденбейміз, қарапайым агротехникалық шараларды сақтамаймыз. Соның салдарынан топыраққа өнгіштігі төмен 3-4 класты тұқым себіледі. Ауыспалы егіс жүйесі сақталмайды. Бірқатар егіншілер парды ұмытты. Осыдан кейін жерге қай бетімізбен өкпелейміз? Агротехникалық талаптарды сақтағандар еңбегінің нәтижесін көрмей қоймайды. Мұны облысымызда іс жүзінде дәлелдеп жүргендер жоқ емес. Мәселен, тұқым шаруашылығын дұрыс жолға қойған Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» ЖШС, Т.Рысқұлов ауданындағы «Шәушен» шаруа қожалығы, тағы басқа агроқұрылымдар жыл сайын жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Азия аумағындағы жерінің көлемі небәрі 20 мың шаршы шақырым Израиль мемлекеті жылына 5 миллиард доллардың ауыл шаруашылығы өнімін экспорттайды екен. Ал Қазақстанда ол 3 миллиард доллардан аз ғана асады. Мемлекет ылғал тапшылығын жаңбырлатып суару тәсілі арқылы шешуде. Шөлейтті аймақта өсімдіктің 98 пайызы тамшылатып суарылады. «Іздеген – табады, қуған – жетеді». Ізденгенге – резерв көп. Бізде сол ізденіс, ұмтылыс жетпей жататыны алаңдатады әрі қынжылтады. Әйтпесе мемлекетіміз кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қаржылай да, материалдық та аз көмек көрсетіп жатқан жоқ. Өкінішке қарай, нәтиже күтілгендегідей емес. Сонымен қазақ жері әлеуметтік желіде белгісіз блогер жазғандай, келешекте жер бетіндегі 500 миллион адамды асырай алады ма? Оған жетудің қандай жолдары бар? Жоқ, бұл жай сандырақ па? Облысымызда да осы саланың білгір мамандары аз емес. Олар біздің сауалдарымызға үн қатады, өз ойларын ортаға салады деген үміттеміз әрі сенімдеміз. Сіздердің орамды ойларыңыз бен құнды ұсыныстарыңыз жұрт кәдесіне жарап жатса, нұр үстіне нұр!

Ақылжан Мамыт

Ұқсас жаңалықтар