Оқытудың дәстүрлі форматына қайтару қалай іске асырылады

Оқытудың дәстүрлі форматына қайтару қалай іске асырылады
ашық дереккөз
Оқытудың дәстүрлі форматына қайтару қалай іске асырылады
 width= Білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптар әзірленеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті. «Орта білім саласына тоқталсақ, қашықтан оқыту аясында отандық нарыққа сегізден астам білім беру платформасы шығуда. Біріқ платформалардың функционалы мен мүмкіндіктері әртүрлі. Министрлік оқыту процесін толыққанды іске асыру үшін қажетті функционалды алуға мүмкіндік беретін білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеп, біріздендіріп, іске асыратын болады», - деді министр Үкіметтің отырысында. Сонымен қатар ол оқытудың дәстүрлі күндізгі форматына қайтару қадамына тоқталды. «Білім беру ұйымдарын оқытудың дәстүрлі күндізгі форматына қайтарудың тиісті тәртібі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге әзірленеді», - деді А. Аймағамбетов.  

Ұқсас жаңалықтар