Мойынқұм ауылына Жазылбек Қуанышбаевтың есімін беруді ұсынды

Мойынқұм ауылына Жазылбек Қуанышбаевтың есімін беруді ұсынды
ашық дереккөз
Мойынқұм ауылына Жазылбек Қуанышбаевтың есімін беруді ұсынды
 width= Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданындағы іс-сапары барысында аудандағы зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиын барысында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Сатыбалдиев аудан орталығы саналатын Мойынқұм ауылына Жазылбек Қуанышбаевтың есімі берілсе деген ұсынысын білдірді. Шынын айту керек, өткен ғасырда құмды өлкенің маңғаз даласын жайлаған малшы қауымның шаруасы шалқып, жеткен жетістіктері мен көрсеткіштері әлі күнге дейін көптің есінде. Аты аңызға айналған даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың есімін елге танықтан да осы Мойынқұмның малға жайлы даласы деуге болады. Екі мәрте Еңбек Ері атағын алған шопанның ауданға сіңген еңбегін еш нәрсемен өлшеуге келмесі анық. Міне, осының бәрін тілге тиек еткен аймақ басшысы бұл ұсынысқа қолдау білдіретінін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар