Тікұшақпен төбеден вирус шашты деген аңызға сенгендер болды

Тікұшақпен төбеден вирус шашты деген аңызға сенгендер болды
ашық дереккөз
Тікұшақпен төбеден вирус шашты деген аңызға сенгендер болды
 width= ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев дәрі-дәрмектердің тапшылығы, волонтерлардың жұмысы және елімізде енгізілген карантинге қатысты түйткілдерді фейсбук парақшасында тарқатып айтып берді.
"Бүгінде үкіметтің барлық деңгейінде қауіптің ауқымы дұрыс есепке алынбағаны туралы нақты пайым бар. Жауапкершіліксіз болмайтынын да толықтай түсініп отыр бәрі. Мұның бәрінен, әрине, қажетті қорытынды жасалды. Осы қорытынды туралы айтар болсақ, әкімдер мен министрлердің отставкасын меңзеп тұрғаным жоқ. Бұл арада мемлекеттік басқаруды жүйелі қайта құру туралы сөз болып жатыр. Президент бұл мәселені мұқият зерттеуде ", - деп жазды Д. Абаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.
- Көптеген адамдардың нормалар мен ережелерді сақтамауы, вирусты чиптеу немесе тікұшақпен төбеден шашу деген сияқты ақылға қонбайтын аңызға сенгендер болды - бұл қоғамдық сана мәселесі емей немене? Біз Президенттің айтқан сөздерінен қорытынды шығардық. Бүгін бізге сау ақыл-ой идеологиясы, шынайылық идеологиясы қажет. Көз алдыға елесететін түрлі қорқынышты нәрселермен қоштасып, бұл жағдайды нақты мәліметтермен үйлестіретін идеологияны насихаттайтын уақыт жетті. Ол мемлекеттік аппараттың ұрандап, барлығын Отан сүйгіштікке, бірлік пен ынтымақтастыққа шақыратындай жалпылама болмауы керек. Біздің азаматтарымыздың шынайы патриотизмі - бұл ең үлгілі идеология, - деп сөзін түйіндеді ол.

Ұқсас жаңалықтар