Қытай азық-түлігіне тәуелді емеспіз

Қытай азық-түлігіне тәуелді емеспіз
ашық дереккөз
Қытай азық-түлігіне тәуелді емеспіз
Көрші Қытай елінде аса қауіпті жұқпалы дерт-коронавирустың ушығуына байланысты Қазақстанмен арадағы шекара жабылған жағдайда аймақтағы азық-түлік бағаларына ешқандай әсерін тигізбейді. Керісінше, біздің облыстан аспан асты еліне экспортқа шығарылатын балық, майлы және дәнді дақылдар, күнбағыс майы мен макарон өнімдеріне сұраныс төмендеуі мүмкін. Жалпы біздің ішкі нарық Қытай мемлекетінің азық-түлік нарығына тәуелді емес. Сосын «Екі ел арасындағы шекараның жабылуына байланысты азық-түлік тауары қымбаттап жатыр» деген сөз негізсіз. Бағаның көтерілуіне жол бермеу үшін Үкімет нақты шараларды қолға алған. Ал өңірде бұл мәселе облыстық әкімдіктің қатаң бақылауында. Тұңғыш ЖАНҰЗАҚОВ, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы.

Ұқсас жаңалықтар