«Арай» алқабы тұрғындарының алғысы

«Арай» алқабы тұрғындарының  алғысы
ашық дереккөз
«Арай» алқабы тұрғындарының алғысы

Аса қадірменді, Асқар Исабекұлы!

Біз, «Арай» алқабының бір топ тұрғындары көшеміздің жолы салынып, жарығы жүргізіліп, сәулеті мен келбет-айшығы арта түскені үшін осы игілікті істің бастамашысы ретінде Сізге көптен көп ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз әр кезде де жемісті болып, абырой-беделіңіз арта берсін! Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы ісіне басшылық жасап қана қоймай, Тараз қаласының да гүлденіп, көркейе түсуіне айрықша көңіл бөліп отырғаныңыз елді қуантуда. «Арай» ғана емес, «Тайвань» алқабының да отыз жыл бойы жөндеу көрмеген бірқатар көшелерінің жолдары жөнделді. Өзіңіздің жанашырлық танытуыңызбен саябақтар мен гүлзар алаңдары да тәртіпке келтіріліп, көне де жаңа шаһарымыз шырайлана түсті әрі тұрғындар мен арнайы келетін меймандардың демалыс аймағына да айналып үлгерді. Жалпы, облыс тұрғындарының да табысын арттыру, тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселелерін тікелей өз қолыңызға алып, қадағалауыңызда ұстап, аз уақыт ішінде қыруар іс тындырғаныңыз үшін Сізге айтар алғысымыз шексіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілейміз! «Арай» алқабының тұрғындары: К. Әбдіәлимов (кварталдық комитет төрағасы), Ж.Жүгінісова, А.Даутова, Қ.Бигулин, Ж.Жаманқұлов, Қ.Қадырбаев, П.Абдуллаев, Т.Бекниязов, Д.Жоланов, В.Цой, тағы басқалары.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар