Жазғы демалыс жайлы өтуі үшін...

Жазғы демалыс жайлы өтуі үшін...
ашық дереккөз
Жазғы демалыс жайлы өтуі үшін...

Өкінішке қарай жазғы шомылу маусымы кезіндегі қайғылы оқиғалар тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін білмеуі салдарынан орын алып жатады. Ал аймақтағы төтенше жағдайлар департаментінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін облыс аумағында 15 оқиға тіркеліп, 16 адам суға батып кеткен. Өкініштісі олардың 10-ы кәмелет жасына толмағандар болып отыр. Осыған орай зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының өкілдері облыстың су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында белсенді сауықтыру және үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Әсіресе 18 шілдеде өңірде ауа райының айрықша ыстық болуына, шомылуға тыйым салынған жерлерде балалардың қаза болуының көбеюіне байланысты департамент пен оның аудандық бөлімдерінің мамандары шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған аумақтарда судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру бойынша баспасөз турын ұйымдастырды. Оған жергілікті полиция қызметінің өкілдері де қатысты. Шарада халыққа шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, азаматтарды су айдындары маңында тиісті заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту, сондай-ақ балалардың терезеден құлау ахуалы тақырыптарында әңгімелесулер жүзеге асырылып, жадынамалар, кітапшалар және буклеттер таратылып берілді.

Арсен БАЙЗАҚ.

Ұқсас жаңалықтар