Әр ұлттың әуезді ән-жырлары

Әр ұлттың әуезді ән-жырлары
ашық дереккөз
Әр ұлттың әуезді ән-жырлары

Әлжан ана ауылындағы семинардың өзегіне айналды

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Әлжан ана ауылдық Мәдениет үйінде «Жамбыл облысындағы этностардың музыкалық мұралары» атты облыстық семинар өтті. Мәдениет және өнер шеберлері тәжірибе алмасқан семинарға этностардың көркемдік ұжымдары мен аудандардағы Мәдениет үйлерінің көркемдік жетекшілері, бөлім меңгерушілері, әдіскерлері шақырылды. Әуелі семинарға қатысушылар Әлжан ана ауылдық Мәдениет үйінің іс-тәжірибесімен танысып, арнайы әзірленген көрмені тамашалады. Одан соң Қордай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Есполов әріптестеріне жылы лебіз білдірді. Келесі сәтте облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Е.Сембаева өңіріміздегі түрлі ұлт өкілдері мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының жүзеге асуына атсалысып, өлкеміздің мәдениеті мен өркениетіне өзіндік үлес қосатынына сенім білдірді. Семинарда Қордай аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ұ.Шалабаева «Қордай ауданында мекендейтін этнос өкілдерінің өнері мен салт-дәстүрінің насихатталуы», Қордай ауданына қарасты Сортөбе ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі А.Кеян «Дүнген ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттау», Т.Рысқұлов ауданының «Сударушки» орыс халықтық фольклорлық ансамблінің жетекшісі Л.Левицкая «Т.Рысқұлов ауданындағы орыс халық фольклорының жұмысы», Қордай ауданының «Соседушки» халықтық орыс фольклорлық ансамблінің жетекшісі Л.Харченко «Бір шаңырақта», облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Э.Дутбаева «Жамбыл облысы бойынша фольклорлық ұжымдардың даму барысы» тақырыптарында баяндама жасап, слайдтар көрсетілді. Семинар соңында Әлжан ана ауылдық Мәдениет үйі дайындаған «Анаға тағзым» атты концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Есет ДОСАЛЫ

Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар