Жазамын деуші ем өмірдің жырын...

Жазамын деуші ем өмірдің жырын...
ашық дереккөз
Жазамын деуші ем өмірдің жырын...
Мен сені Жаздағы сұлу ақ таңда күттім, Күздегі мұңлы шақтарда күттім, Баянсыз көктем кешіргім келмей Ақ күміс аппақ ақпанда күттім. Келмедің неге, Сезбедің неге көңілдің мұңын? Уақыттан оңбай жеңілдім, күнім: Жазамын деуші ем өмірдің жырын Жеңілдім бүгін... Жеңілдім, күнім. Жеңілдім, жаным Сенімнің бəрін таптатып алдым, Таптатып алдым тірлікке. Тірлікке жəне таптатып ардың Ақ үміттерін жүрдік пе?! ...Өмірдің жырын жазамын деуші ем... Қоя алмай келем бір нүкте... Мен сүрем деген, Мен сүйем деген ол өмір адал, аңғал-тын, Ақ күміс шуақ себездеп дәйім атушы еді таңдар нұр. Сен келеді деп күтетін едім ол кезде Сағыныштарым жанардан шық боп тамған кіл. Ал қазір ше... Тек мен ғана аңғалмын. Жанна БАХАТАЙ, студент. Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар