Америкалық ESPN.com спорт сайты барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың ішінде (P4P) әлем үздіктерінің рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Тізімде бірінші орынды WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин алып тұр. Үштікке америкалық Андре Уорд пен украиналық Василий Ломаченко енген. ESPN рейтингі: 1. Геннадий Головкин (37-0, 33 КО). 2. Андре Уорд (31-0, 15 КО). 3. Василий Ломаченко (7-1, 5 КО). 4. Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО). 5. Роман Гонсалес (46-1, 38 КО). 6. Теренс Кроуфорд (29-0, 20 КО). 7. Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО). 8. Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО). 9. Кит Турман (28-0, 22 КО). 10. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО). Еске салайық, Головкин 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты қазылар алқасының шешімімен жеңген еді. Қазақстандық кәсіпқой бокста тұңғыш рет 12 раундқа созылған жекпе-жек өткізді.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Хабарландыру
«Мерейлі отбасы-2024» конкурсының талаптары белгілі болды
- 10 мамыр, 2024
Студенттермен рухани әңгіме
- 10 мамыр, 2024
Сөзге тоқтаған халықпыз
- 10 мамыр, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді