Президентті ұлықтау 7 маусымға белгіленді

Президентті ұлықтау 7 маусымға белгіленді
ашық дереккөз
Президентті ұлықтау 7 маусымға белгіленді

Украина парламенті – Жоғарғы Рада жаңадан сайланған ел президенті Петр Порошенконы ұлықтау салтанатын маусымның 7-сіне белгіледі.

Парламент жиынына қатысқан 347 депутаттың 300-і осы шешімді қолдап, дауыс берді. 25 мамыр күні өткен кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Порошенко парламент отырысында ант қабылдайды. Украинадағы кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті ресми қорытындысы 2 маусым күні жарияланған. Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 54.7 пайызы Порошенкоға қолдау білдірген. Оның басты қарсыласы болған экс-премьер Юлия Тимошенкоға сайлаушылардың 13 пайызға жуығы дауыс берген. Бұған дейін Вашингтон Порошенконы ұлықтау салтанатына АҚШ вице-президенті Джо Байденнің баратынын мәлімдеген. Есесіне Ресейдің ресми өкілдері, соның ішінде президент Владимир Путин, ұлықтау рәсіміне шақыру алған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар