Конор МакГрегор Эдди Альваресті екінші раундта нокаутқа түсірді

Конор МакГрегор Эдди Альваресті екінші раундта нокаутқа түсірді
ашық дереккөз
Конор МакГрегор Эдди Альваресті екінші раундта нокаутқа түсірді
Нью-Йоркте өткен UFC 205 турнирінде жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Конор МакГрегор америкалық Эдди Альваресті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жекпе-жектің бірінші раундында ирландиялық спортшы басымдығын бірден байқатты. Ол қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген еді. Бірақ америкалық бұл соққыларға төтеп бере алды. Ал екінші раундта МакГрегор қарсыласына бірден 3-4 соққысын дарытып, құлатты. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр борлды. Осылайша ол 21-ші жекпе-жегіне жетіп отыр. Ал америкалық Эдди Альварес 5-ші жеңілісіне ұшырады. Ирландиялық боксшы осы жеңісімен UFC тарихында екі салмақ дәрежесінде чемпион болған бірінші спортшы болып отыр.  src= Еске салайық, 28 жастағы МакГрегор наурызда жеңіл салмақ дәрежесінде бразилиялық Рафаэль Дос Аньоспен жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда бразилиялық жарақат алып, кездесу өтпей қалған. Оның орнына Нейт Диас шығып, чемпионды қылғындыру әдісімен жеңген. Ал 21 тамызда өткен реванш жекпе-жегінде ирландиялық Диасты ұпай санымен жеңген еді.  

ақпарат көзі tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар