Үздіктер анықталды

Үздіктер анықталды
ашық дереккөз
Үздіктер анықталды

Партия саясатын жергілікті жерде жүзеге асыру бастауыш партия ұйымдарына жүктелген. Күнделікті атқарылатын жұмыс 12 бағытты қамтиды. Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымдары жергілікті жердегі игі бастамаларға қолдау көрсетіп, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарынан туындайтын міндеттерді орындауға айрықша маңыз беріп отыр. Осы және отбасылық құндылықтарды насихаттау, бірлік пен ынтымақты нығайту бағытында атқарылған жұмыстарына қарай бастауыш ұйымдардың жұмыстары сараланып, үздіктері анықталады. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының қорытындысын партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков жариялады. – Сайыстың басты мақсаты – үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтап, олардың жұмыс тәжірибесін еліміздің барлық өңірлеріне тарату, кәсіби деңгейі жоғары әрі ең белсенді бастауыш ұйым төрағаларының арасынан алдағы уақытта партиялық және басқа да сайланбалы қызметтерге ұсыну үшін партиялық кадрлар резервін қалыптастыру, – деп атап өтті Арын Ілиясұлы. Сайыста жалпы 62 бастауыш партия ұйымы бақ сынады. Партия мүшелері 100-ге дейінгі ұйымдар арасында «ДМСУ» бастауыш партия ұйымы жеңімпаз атанса, «Қазақтелеком» мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банк мекемесі екінші-үшінші жүлделерді өзара бөлісті. Мүшелері 100-ден көп ұйымдар ішінде №2 қалалық емхананың төрайымы Жеңіс Тойшыбекова жеңіс тұғырына көтерілсе, облыстық ана мен баланы аялау орталығының төрағасы Әмірбек Калменов екінші, №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының төрағасы Өмен Байшығашев үшінші орынды иеленді. Ал 500-ден жоғары партия мүшесі бар ұйымдардан облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасының төрайымы Айман Кабдрахимова үздік шықса, «Қазақстан темір жолы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нуриддин Қожанов екінші, «Озат» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қайрат Жетібаев үшінші орынды қанағат тұтты. Облыстық байқауға жолдама алғандардың қатарында «Мейірім», «АрайСтройМаркет – 2003», «Бәйтерек» сынды бастауыш партия ұйымдары да бар.

Наурызбек САРША, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар