Саясат
Елбасы «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы Жарлыққа өзгерістер енгізді
- author «Ақ жол»
- 23 қыркүйек, 2016
- 48
Елбасы «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы Жарлыққа өзгерістер енгізді
Елбасы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Жарлыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
***
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру гранты тағайындалсын.»; 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;». 2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 қыркүйек № 340Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Хабарландыру
«Мерейлі отбасы-2024» конкурсының талаптары белгілі болды
- 10 мамыр, 2024
Студенттермен рухани әңгіме
- 10 мамыр, 2024
Сөзге тоқтаған халықпыз
- 10 мамыр, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді