Бүгінгі Жаңатастың жыры бөлек

Бүгінгі Жаңатастың жыры бөлек
ашық дереккөз
Бүгінгі Жаңатастың жыры бөлек

Сәкен Мамытов, Жаңатас қаласының әкімі.

Тәуелсіздік жылдары жасанып, жайнай түскен қаланың бірі – Жаңатас. Елбасының сара саясатының арқасында қаламыз моноқалалар қатарына жатқызылып, бүлінген инфрақұрылымдарының қайта қалпына келтірілуіне Үкімет тарапынан көп көмектер жасалынды. Соның арқасында қала көшелері жөнделіп, «ЕвроХим Удобрение» компаниясы сияқты алып кәсіпорын өлкемізге келіп, инвестиция құйып, жаңа өндіріс орнын ашты. Қаладағы «Қазфосфат» ЖШС-на қарасты «Қаратау-Шолақтау» тау-кен өндіру кешені де өз жұмысын ширатып, аумақтың өркендеуіне үлкен серпіліс жасады. Қазір екі кәсіпорында 3000-нан астам адам еңбек етіп, тұрақты жұмыспен қамтылған. Алып кәсіпорындардың арқасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту да қарқын алған. Әсіресе, қаланың келбетін қайта жаңғырту жөніндегі «Еврохимның» жобасы бізді қуантып отыр. Сол жобаның аясында 2016 жылы Жаңатас қаласының даму жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, қала көшелерін жарықтандыру, жол жөндеу, қала тазалығын ұйымдастыру, көріктендіру шаралары жүргізілді. Наурыз-сәуір айларында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 5500 тал көшеті егілді. «Ақбұлақ» бұлағының айналасында 1632500 теңгеге қоршау орнатылды. 3682462 теңгеге Орталық саябақты суаратын құбыр жүргізіліп, іске қосылды. 3-шағын ауданның №7 үйінің жанынан 1304420 теңгеге жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақ орнатылды. «Горняк» саяжайы мен Дегерес елді мекені арасында жаяу жүргіншілерге арналған көпір 635000 теңгеге жөнделіп, қалпына келтірілді. Ұрпақтар аллеясына 5600000 теңгеге қоршау орнатылды. Қала ішіндегі 9 көшеге 3200000 теңгеге көше жарықтары жаңадан қойылды. Екі негізгі көше қиылыстарына бағдаршамдар орнатылды. Қазіргі таңда мүмкіндіктері шектеулі азаматтар тұратын коммуналдық меншіктегі көп қабатты тұрғын үйлерге 1200000 теңгеге 7 кіреберіске пандус салынды. 500 адамға арналған мешіт құрылысы аяқталып, қала тұрғындарының игілігіне берілді. Дегерес елді мекенінде 280 орынға арналған «Болашақ» атты екі қабатты балабақша ғимаратының құрылысы аяқталып, қолданысқа енгізіліп, 80 жаңа жұмыс орны ашылуда. Алдағы уақытта 1217000 теңгеге 1-шағын ауданның №7, 8 үйлерінің қасбеттерін жөндеу, 1333000 теңгеге қала ішіндегі 4 аялдаманы жөндеу, қала көшелеріне 7500000 теңгеге бейнебақылау орнату, 12271000 теңгеге Бүркітті, Дегерес елді мекендеріндегі қорымдарға баратын жолды жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Бұл істер қыркүйек-қазан айларында жүзеге асырылады. Жергілікті бюджет есебінен қаланы көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына 25 миллион теңге бөлініп, аталған қаржыға біршама жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде: Мектеп бітірушілер, Ұрпақтар аллеялары көріктендіріліп, Құрметті азаматтардың есімдері жазылған тақта орнатылады. «ЕвроХим Удобрение» ЖШС қала ішінен өз қызметкерлеріне коттедж қалашығын да салмақ. Сонымен қатар, осында жастар кешені бой көтереді деп күтілуде. 1-шағын аудандағы 70 пәтерлі №35 көп қабатты тұрғын үй 210473,0 мың теңгеге қалпына келтіріліп, жыл соңында пайдалануға беріледі. Қалаішілік көшелерге 45 миллион теңгеге асфальт төсеніп, қалпына келтірілмек. Қысқасы, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесі аясында шаһарымызда жыл аяғына дейін қыруар жұмыстар атқарылады. Жаңатас қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерді 2016-2017 қысқы маусымды өз деңгейінде өткізу үшін қала әкімі аппараты тарпынан арнайы сантехниктер бригадасы құрылып, көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі құбырлар жүйелерін қалпында ұстау үшін шыққан ақауларды жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Жалпы, барлығы 83 көп қабатты тұрғын үйдің 65-іне қысқа дайындық паспорты жасалынды, қысқа дайын үйлер 78 пайызды құрап отыр. Қалған 18 үй 1 қазанға дейін толық ағымды жөндеуден өткізіліп, жылу маусымына дайын болады. Жаңатас қаласының жеке секторында ауызсу және шайынды су құбырларының құрылысын жүргізу салдарынан бірқатар көшелер сын көтермейтін жағдайға келтірілген болатын. Осы мәселеге байланысты күз-қыс айларында қала тұрғындарының жүріп-тұруына қиындықтар тудырмау үшін аудан және қала әкімдіктерінің ұйымдастыруымен қаланың кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлері демеушілік көрсетіп, көшелерге тас қиыршықтары төгіліп, тегістелді. Жаңатас қаласын мәдениетті және өркениетті қалаға айналдыруға толық негіз бар. Соған сәйкес жобалар және жоспарлар да жеткілікті. Қала тұрғындарының ертеңге деген сенімі мол. Таяу жылдары сәтін салса, Жаңатас облыстағы ең көрікті қалалардың біріне айналады. Ол, сөз жоқ, тәуелсіздігіміздің арқасында мүмкін болмақ.

Жаңатас қаласы.

Ұқсас жаңалықтар