сарыарқаға деп сақтағанымыз бір төбе

сарыарқаға деп сақтағанымыз бір төбе
ашық дереккөз
сарыарқаға деп сақтағанымыз бір төбе

Нұржан Нұржігітов, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Биыл облысымызда 251 мың гектар алқаптан масақты дәнді дақылдар жиналды. Әр гектардан 23,6 центнерден өнім алынды. Жалпы, жиналған астық 591,7 мың тоннаны құрады. Көкөніс, бақша дақылдарынан да жоғары түсім күтіп отырмыз. Елордаға жамбылдықтар ауыл шаруашылығы өнімдерімен де тарту жасап келеді. Ауылдан жеткізілетін экологиялық таза азық-түлік өнімдері елордалықтар тарапынан өте жоғары бағалануда. Әрине, мұның өзі елдегі береке-молшылықты көрсетеді. Жамбылдық еңбеккерлер 2014 жылы Астанаға 220 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін апарыпты. Оның жалпы құны 100 миллион теңгені құраған. Атап айтқанда, астаналықтарға Әулиеата өңірінен 40 тонна ет, 13 тонна сүт, 6 тонна шұжық, 5 тонна макарон, 7 мың дана жұмыртқа, 4 тонна балық, 3 тонна бал жөнелтілген. Ал өткен жылғы тамыз-қыркүйек аралығында Астана халқын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке бір айға жуық уақытқа созылды. Нәтижесінде, 75 миллион теңгені құрайтын 480 тонна өнім өткерілген. Бұл күнде жамбылдық кәсіпкерлердің Астанамен байланысы нығая түсуде. Биылғы наурыз айында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне бас қаладағы адам көп баратын сауда орталықтарының бірінде алғашқы «Жамбыл. Халық маркасы» дүкені ашылғаны белгілі. Тауарлары нарықтағыдан 20 пайызға арзан әрі 85 пайызы негізінен Жамбыл облысында өндірілген. Бұл жобаның мақсаты тұтынушылардың отандық өнімдерімізге деген сенімін 70 пайыздық деңгейге дейін ұлғайту, сауатты тұтынушылар менталитетін қалыптастыру, облысымыз тауар өндірушілерінің мәртебесін көтеру, олардың өнімдеріне тұтынушылық сұранысты тұрақтандыру болып табылады. «Жамбыл. Халық маркасы» дүкенінің сөресіне 500 түрлі брендтік өнімдеріміз қойылған. Жоба авторы, жамбылдық кәсіпкерлік құрылымдары өндірген тауарларды бас қаламыз тұрғындарына делдалсыз тікелей жеткізу ісін ұйымдастырушы жас кәсіпкер Тұрсынжан Әбдуахитов жыл соңына дейін бас шаһарда мұндай тағы да 22 дүкен ашылатынын айтады. Т.Рысқұлов ауданындағы «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаев та өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін астаналықтарға делдалсыз тікелей жеткізіп, өткеруде. Елордада Сайрамбайдың да сауда нүктелері бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай экономика секторындағы қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту мәселесі бүгінде айрықша маңызға ие болып отырғаны белгілі. Әлеует пен экономика үшін пайдалы бұл үдеріс алдағы уақытта да жалғасады. Астана мен ауыл етене жақындаса түспек.

Ұқсас жаңалықтар