Әлеумет тің әлеуетін көтереміз

Әлеумет тің әлеуетін көтереміз
ашық дереккөз
Әлеумет тің әлеуетін көтереміз

облыста Үш ірі магистраль жаңғыртылуда

img_9319Ерік КӨШЕРБАЕВ, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Жарлықтарына сәйкес әзірленгені белгілі. Бағдарлама коммуналдық инфрақұрылымға жаңғырту жүргізу үшін шаралар әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз етеді, тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құрады, халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ қаржыландырудың әлеуметтік тетіктерін құру арқылы терможаңғыртуды қоса алғанда, кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол», мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру тетіктерінің бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары аясында біздің өңірімізде де бірқатар ел игілігін көздеген серпінді жобалар нақты іске асырылуда. Жалпы, макроөңірлерді дамыту және ықпалдастыру көліктік, индустриялық, тұрғын үй, әлеуметтік және энергетикалық инфрақұрылымдарды тиімді дамыту негізінде қамтамасыз етілетін болады. «Нұрлы жолдың» осындай жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғаны бүгінде екінің біріне жақсы мәлім. Аталған бағдарлама аясында биыл Ұлттық қордан облыста үш бірдей жобаны жүзеге асыру үшін 3621756 мың теңге бөлінген-ді. Бүгінде бұл қаражат мақсатты түрде игерілу үстінде. Аталған жобалар бойынша мердігерлік ұйымдар – «Геруда» ЖШС ұзындығы – 2743, «Сапар Консалтинг» ЖШС – 2720, «СК AВС» ЖШС 1260 метрді (жалпы 3 нысан бойынша – 6723 метр) құрайтын жылу желілерінің құбырларын ауыстыруда. Тараз қаласындағы Жамбыл даңғылы, Рахимов, Жұбанышев көшелерінің бойымен М-5, Б.Момышұлы, Сейфуллин көшелерінің бойымен М-8 және Сүлейменов көшесі бойындағы ТК-225 ішкі кварталдық жылу жүйелерін, Қойгелді көшесінен К-11 дейін жылу магистральдарын қайта жаңғырту жобалары бойынша құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Осы орайда жалпы мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемдеу 20921,3 мың теңгені құрағанын атап өткеніміз жөн. Аталған соманы алдағы республикалық бюджеттің нақтылануы барысында кері қайтарып алуы үшін Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне арнайы хат та жолданды. Ал «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 9 жобаны іске асыру көзделуде. Бұл үшін барлығы 850762 мың, оның ішінде, Ұлттық қордан (республикалық бюджет) 648982 мың және облыстық бюджеттен 7 жобаға 201780,0 мың теңге бөлінген болатын. Қыркүйек айындағы жалпы төлем 697936,6 мың теңгені құрап отыр. Бүгінгі таңда Жуалы ауданы, Шақпақата ауылындағы «А.Бекмұрзаева» жеке кәсіпкерлігінің ірі қара малын бордақылау базасын, Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округі «Жамбыл» ӨК аумағындағы жеке кәсіпкер Д. Аққұмановтың «Серік» шаруа қожалығы жылыжайын, Үлгілі ауылдық округіндегі «Үлгілі» ЖШС-ның арнайы жер қоры аумағында «Асыл-Мұра» қызмет ЖШС-ның сүт фермасын, Тараз қаласы, Сыпатай батыр көшесі №13 «А» мекен-жайындағы «Mark of PERFECTION» ЖШС-ның өндірістік базасын электрмен қамтамасыз ету, Шымкент-Алматы айналма жолының бойына құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт құрылысы және гипс жабысқақ материалдарын газбен және электрмен, Байзақ ауданы, Талас ауылы, Жеңістің 40 жылдығы көшесі, №20 «Б» мекен-жайындағы сүт өңдеу цехын жылумен қамтамасыз ету жұмыстары, барлығы 7 жоба өзінің мәресіне жетті. Мұның барлығы да ел игілігін көздеген жобалар. Көп жылдар бойы қол тимеген, ауыстыруды қажет ететін жылу беру желілерінің ауыстырылуы басқарма қарамағындағы «Жамбыл-Жылу», «Темір жол-Жылу», «ТаразТрансЭнерго» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттыруға, қыстыгүні тараздықтардың үйлеріне сапалы әрі үздіксіз жылу берілуіне қол жеткізуге де септесетіндігі анық. Ең бастысы, бұл жұмыстар Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына лайықты тарту болғалы тұр.

Ұқсас жаңалықтар