Тоғызқұмалақтан топ жарғандар

Тоғызқұмалақтан топ жарғандар
ашық дереккөз
Тоғызқұмалақтан топ жарғандар

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті. «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен чемпионат барысында ойы жүйрік, қабілеті биік спортшылар сынға түсті. Аталған жарысқа Тараз қаласы мен облыс аудандарынан барлығы 36 спортшы қатысып, тартысты өтті. Қатысушылар әйелдер мен ерлер болып бөлініп, классика және блиц аталымдары бойынша сынға түсті. Олар барынша биіктен көрінуге талпынып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Десек те, ойын нәтижесінде шын мықтылар анықталып, сараланды. Сонымен тоғыз­құмалақтан өткен облыстық чемпионатта классика номинациясы бойынша ерлер арасында тараздық М. Болысбек, әйелдер арасында Т.Рысқұлов ауданынан келген Ұ. Мұраталиева топ жарса, блиц номинациясында ерлер арасында шулық Н.Әлдібай, әйелдер арасында тараздық Ж.Жетен жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, қос номинация бойынша Ж.Мейрамқұлов, Е.Нұрханов, К.Лепесова, С.Керімбаева, Н.Сейітжапар, Қ.Жұман, Е.Байназаров, А.Жалғасова, Ж.Әсетаева, М.Мамыт екінші, үшінші жүлделі орындардан көрініп, марапатталды.

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар