Бұдан былай банктер кепілге қойылған баспанаңызды тартып алмайды

Бұдан былай банктер кепілге қойылған баспанаңызды тартып алмайды
ашық дереккөз
Бұдан былай банктер кепілге қойылған баспанаңызды тартып алмайды
Бұдан былай банкке берешектер кепілге қойған үйлерінен қуылмайды. Банк өзіне қарыздар адамдармен мәмілеге келе бастаған сыңайлы – дейді BAQ.kz тілшісі.
 Барым осы деп басындағы бір ғана баспанасын кепілге қойғандар бұдан былай пәтерімнен айырылып қалам-ау деп алаңдамайды. Банк өз тұтынушыларымен арадағы келісім шартқа өзгертулер еңгізіп, қиналған халықтың көңіліне тағы бір демеу болып жатыр.
Бұған дейін Сот арқылы үйлерін кепілге қойған азаматтарды сол үйінен күштеп шығарып келген. Осыны тоқтату үшін Ұлттық Банк, екінші деңгейлі банктер мен Алматы әкімдігі, қоғамдық бірлестіктер төртжақты мәмілеге қол қойды. Яғни, бұдан былай 3 ай мерзім ішінде несиесін қайтара алмай жүргендер банкке келіп, басындағы жағдайымен бөлісуі тиіс. Алайда, бұл борышкер несиесін төлемейді деген сөз емес. Тек шамасына қарай төлеу шарттары жұмсартылады. Қазіргі таңда еліміз бойынша әне-міне үйінен қуылуға шешім шығарылып қойған 40 мыңға жуық отбасы бар. Ал төртжақты қол қойылған құжат осы түйткілді шешуге септігін тигізеді дейді Ұлттық банк өкілдері.
«Борышкер өз еркімен банкке келіп, қаржылық қиындықтары барын ашық айтуы тиіс. Осылай бола тұра, қарызын өтеуден бас тартпайтындығын танытса, банк өкілдері оған түсіністікпен қарап, әр борышкерге қарызды өтеудің жолдарын бірлесіп қарастыратын болады» - дейді Ұлттық банктің басқарма басшысы Александр Терентьев.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар