«Әбілқайыр хан» ескерткіш монеталары айналымға шығарылды

«Әбілқайыр хан» ескерткіш монеталары айналымға шығарылды
ашық дереккөз
«Әбілқайыр хан» ескерткіш монеталары айналымға шығарылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2016 жылғы 29 шілдеде «Банкноталардағы портреттер» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, рroоf сапалы алтыннан және күмістен және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Әбілқайыр хан» ескерткіш монеталарын айналымға шығарады.  Алтыннан, күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. Рroof сапалы алтын және күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан (алтын және күміс монетада «500», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «100») және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілдерінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің логотипі орналасқан. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Әбілқайыр ханның портреті орналасқан 50 теңгелік банкноттың бет жағының бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ӘБІЛҚАЙЫР ХАН» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғары бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу (алтын монетада «Au 999 7,78 g», күміс монетада «Ag 925 31,1 g.») бар. Әбілқайыр ханның портреті 1993 жылғы үлгідегі 50 теңгелік банкноттың бет жағындабейнеленгенін еске саламыз. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар: 1) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 гр, диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – proof, таралымы – 1 мың дана; 2) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 гр, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – roof, таралымы – 3 мың дана; 3) нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 гр, таралымы – 100 мың дана. Номиналы 500 теңгелік және 10 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. Proof сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталардың алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің барлық филиалдарында, ал алтын және күміс монеталарды, сондай-ақ www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының Интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі. Ақпарат көзі: www.24.kz 

Ұқсас жаңалықтар